ІІМ: Жыл басынан бері адам саудасының 29 құрбаны мемлекет қорғауына алынды

Басқа ақпараттар

Адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау мақсатында полиция мен әлеуметтік қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі. ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Үшінші басқармасының бастығы Самат Құсетовтің айтуынша, қайта бағыттау тетігі аясында 15 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде, 11 адамға адвокаттардың заңгерлік кеңесі берілсе, 4 жәбірленуші арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Сонымен қатар, 29 жәбірленуші мемлекет қорғауына алынды.

«ҚР Бас прокуратурасымен және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, ауылдық жерлерде мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында мобильді топтар аудандар мен ауылдарға 155 рет барып, 8 мыңнан астам адамды қамтыды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, кәмелетке толмағандарды жыныстық қанауға тартудың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Биыл адам саудасына қарсы күрес аясында заңсыз контентті шектеу мақсатында 8 мыңға жуық интернет-ресурс бұғаттауға жолданды.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз