Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

#EXPO2017: ЭКСПО АЛАҢЫНА БАРАТЫНДАР ҮШІН НҰСҚАУЛЫҚ

Басқа ақпараттар

Бүгін Астана ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесінің ашылғанына 5 күн. Ресми ашылу салтанатынан бері сонда жүргеніммен, қолымның компьютерге жетіп жазуыма енді ғана мүмкіндік туды. Бұл жазбамда қосымша түрде ЭКСПО-ға алғашқылардың бірі болып барған адам ретінде кішігірім нұсқаулық ұсынбақпын.

Өнерсүйер адам ретінде Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі ашылысымен ееең бірінші болып, «Нұрлы әлемге» емес, халықаралық павильондарға емес, өзгесіне емес ЭКСПО аумағында орналасқан Заманауи өнер орталығына бардым.Ойлағанымдай-ақ, ерекше туындылар шоғырланған мекен екен.

Astana Contemporary Art Center (ACAC) орталығының кіреберісі, яғни бірінші қабаты Николай Малининнің жетекшілігімен жасақталған «Кеңес модернизмі сәулеті: Алма-ата» атты көрмесімен басталады. Мұнда фотограф Юрий Паоьминнің Алматының фотосуреттері қойылған көрмесі, ЗИП тобының қызықты инсталяциялары қойылған.

Мәселен, мынау [рэппер] Абай Құнанбаев:

Одан әрі, заманауи өнер мен мәдениетке бағытталған алғашқы филантропиялық ұйым болып табылатын «Гараж» заманауи өнер мұражайы басталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Гаражда» күнделікті павильон келушілері үшін балаларының шығармашылық қабілеттері мен ерекше ойлауын дамытатын бағдарламалар өтеді. Сондай-ақ, мұнда қазіргі заманғы өнерге арналған кітапханада кітап оқып тынығып алуға болады. Бұлардан бөлек алдағы күндері, заманауи өнерге арналған 300 фильмнің көрсетілімі жоспарланып отыр. Фильмдер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде субтитрлармен көрсетіледі екен.

Сіз сурет салатын роботты көргенсіз бе? Ал қолында құлағы бар адамды ше?

Онда Арт-орталықтың екінші қабатына көтеріліңіз. Фантастикалық шығармаларды ұнататын, роботтар мен робототехникаға қызығатындар үшін Өнер орталығынның екінші қабаты ұнары сөзсіз.

Мұнда 13 елден келген 17 заманауи суретшінің қатысуымен «Artists&Robots» көрмесі орналасқан.

ARTISTS & ROBOTS — бұл Франция Ұлттық музейлерінің Бірлестігі мен Үлкен Сарай (Grand Palais) ойластырған өзіндік көркемдік көрме жобасы, және бұл өнер тарихының жаңа дәуіріне арналған ең алғашқы көркем шоу:

Бұл жерден австриялық суретші Питер Коглерің жүйелі және графикалық өнер туындыларын, Джессика Роззенкрантс және Джесс Луис-Розенбергтін «Nervous System» арт-топтамасын, австриялық Michael Hansmeyer көрмеге дайындаған «Қазақстандық бағаналар» туындысын суретші роботтар мен жасанды сана арқылы сурет салып жатқан роботтарды көре аласыздар.

P.S. ЭКСПО-ға бардым. Өте ұнады Бәрін аралап шығуға 1 күн деген жетпейді екен. 2 күн дегенде Арт-орталықтан басталған саяхатым, 10-15 шақты Халықаралық павильондармен жалғасты. Бәрін жазғым келеді. Әрқайсысы өзінше ерекше.Бірақ уақыт тапшы. Жазып тұруға тырысамын. Көрмегендер үшін.

______________ЭКСПО АЛАҢЫНА БАРАТЫНДАР ҮШІН НҰСҚАУЛЫҚ____________

*ЭКСПО алаңына Мәңгілік ел даңғылы бойымен қарапайым автобустардан тек 70-ші автобус жүреді. Жол жүру құны 90 теңге. Және 102 Экспресс, ЭКСПО-ға қатынайтын 500 және 504 автобустар жүреді. Жол жүру құны барлығыныкі 150 теңге.

*Қабанбай батыр даңғылынан кіремін десеңіз (MEGA Silk Way арқылы) қарапайым автобустардан: 12, 27, 40, 51, 53 жүрсе, арнайы автобустардан 302, 303, 308,309 жүреді.

*Ал егер өзіңіздің көлігіңізбен барамын десеңіз MEGA Silk Way жақта 1 сағата 200 теңге, әрі қаратай сағатына 100 теңгеден есептелетін автотұрақтар бар. Бірақ Мәңгілік ел даңғылынан барсаңыз көлігіңізді тегін қойып кететін жерлер табылады

*Үстіңізге міндетті түрде жылы киім алып алыңыз. Себебі, уақытыңыздың көп бөлінгін павильондарда емес, бір жерден екінші жерге жетемін деумен дала өткізесіз. Далада әдеттегідей жел, жаңбыр да жауып кетуі мүмкін.

*Аяғыңызға жайлы аяқ киім киіп алыңыз. Әйтпесе «Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқ киімің тар болса» демекші, ыңғайсыз аяқ киіммен ЭКСПО ұнамай қалуы мүмкін.

*Сөмке алып алыңыз, сөмкеңізге су және жейтін жеңіл тағамдар салып алыңыз Шын айтамын. Мүмкіндігінше рюкзак тағып алғаныңыз дұрыс. Себебі ЭКСПО аумағында сусын да, тамақ та сырттағыдан әлде қайда қымбат.

*Қалтаңызға ақша салып алып шығыңыз. Көбірек Себебі, бірқатар халықаралық павильондарда күшті-күшті дүкендер бар және ұлттық тағамдарын ұсынатын тамақтанатын орындары бар. Дәмін көрмеген тағамды жеп көріп, жақындарыңызға сыйлықтар алудан ақша аяу ақымақтық деп ойлайтындардың қатарынанмын

*Жолай «Африка плаза» павильонының алдындағы сахнада болып жатқан концертті де қарай өтіңіз. Көңіліңіз көтеріліп қалады

*Иә. Басында айтып өткенімдей 1 күн жетпейді. 1 күн тым аз. Егер 1 күнге ғана келсеңіз. Бірінші, «Нұрлы әлем» сферасын, сосын «Арт-Орталықты», ал Халықаралық павильондардан: Корея, Түркия, Австрия, Тайланд, Германия, Швеция, Ұлыбритания елдерінің павильондарына бірінші кіріңіздер. Қалғандарына баруға шаршап қалып, бармай қалсаңыз да көп нәрседен құр қалмайсыз.

*Ұлы телефоныңыздың жадын босатып алып барыңыз. Себебі мұнда бәәәрін суретке түсіре бергің келеді

**Сіздің ЭКСПО-ға деп сатып алған билетіңіз тек қана ЭКСПО аумағына кірге ғана жарамды. Яғни, онымен барлық павиондарды тегін қарап шыға аласыз. Алайда концертке немесе циркке барамын десеңіз оған қосымша билет алуыңыз қажет болады. Бірақ билет аларда байқап қарасаңыз, бірқатар концерттерде «Бізге билет алсаңыз ЭКСПО-ның билетін сыйлыққ береміз» деген сияқты акцияларын байқадым.

**ЕЕЕЕЕЕҢ БАСТЫСЫ өзіңіз қайтқыңыз келмесе аяқ астынан ЭКСПО алаңынан шығып кете көрмеңіз. Себебі билет тек қана 1 рет кіруге арнаған. Тіпті MEGA Silk Way-ге барсаңыз да қайтып кіре алмай қалатыныңыз есіңізде болсын

**ЭКСПО-ның жабылу салтанатына қатысамын десеңіз 9-10 қыркүйекке билет алыңыз. Ол демалыс күндері болып саналғандықтан билет құны сізге 8000 теңгеден түседі.

***А иә, үш айдан кейін ЭКСПО аяқталғаннан соң павильондарға не болатынын мен де білмеймін.

Мені жоғалтып алсаңыздар инстаграм парақшама қонаққа келіп тұрыңыздар AinurRM 😉

Айнұр Рақышева

Керекинфо 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img