Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Жол апаты азаймай тұр

Басқа ақпараттар

Алматы облыстық әкімдігінде  облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың қатысуымен жиын өтті. Онда өңірдегі жол апаты салдарынан зардап шеккен жандардың жайы сөз болды.

Алматы облысы республика көлемінде жол апаты салдарынан адам шығыны бойынша бірінші орында тұр. Көрсеткішті азайту үшін көптеген іс-шара жасалып жатыр. Алайда, нәтиже төмен. Облыстық ішкі істер департаменті, жергілікті полиция қызметі, прокуратура қызметкерлері күрмеуі қиын мәселе туралы ойларын ортаға салды. Жыл басынан бері облыс аумағында 968 жол апаты орын алып, 191 адам қаза тапқан. Тіпті, соңғы бір аптаның ішінде 6 адам ажал құшыпты. Бұл – үлкен көрсеткіш. Оның негізгі себебі  – жүргізушінің салғырттығы мен тәжірибесіздігі. Жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол жүру және қауіпсіздік ережелерін сақтамауы. Көліктің теxникалық тұрғыдан да нашарлығы әртүрлі трагедиялық оқиғаға алып келеді.

– Бұрындары жолдың сапасыздығынан апат көп орын алатын. Қазір облыс көлемінде жол салынып, еуропалық стандартқа сай кейіпке еніп келеді. Бірақ адам шығыны азаймай тұр. Әсіресе, республикалық маңызы бар және үлкен мегаполис  Алматы қаласының маңында жол апаты көп тіркеледі. Мүмкін полиция қызметкерлері дұрыс жұмыс жүргізбей жатыр. Осы мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Адам өмірі барлығымыз үшін қымбат, –  деген өңір басшысының бірінші орынбасары Лаззат Маxатұлы болашақта бірлесе жұмыс жүргізіп, барлық мүмкіндікті пайдаланып көрсеткішті азайту қажеттігін назарға ұсынды.

Әрмен қарай ҚР жобалық Менеджерлер одағының президенті,  Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Халықаралық жобалық басқару орталығының директоры, техника ғылымының докторы Алексей Цеховой жол апатын  алдын алуға байланысты жобасымен таныстырды. Онда ол жүргізушілердің көлік тізгіндегендегі қателіктерін айтып, жол апатына қарсы әрі адам шығынын азайту үшін атқарылатын шараларымен таныстырды. «Апат орын алған бойда «жедел жәрдем»  қызметінің кешігіп келуі де өлімге араша түсе алмай жатады. Оның негізгі себебі көп жерде байланыс желісі істемейтіндігі», – деген Алексей Цеxовой авария мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесінің жұмысын жетілдіру керектігін алға тартты. Басқосу соңында Лаззат Тұрлашов жол қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерге аталмыш жобаны толыққанды тексеріп, кемшілігі болса анықтауды тапсырды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img