Қытай елі десе, көбіміздің көзімізге миллиардтаған халық елестейті. Одан басқа Қытай туралы мына фактілерді білесіз бе?
1.Қытайдағы біршама баланың есімі — Олимпиада ойындары.
Мұндай елдегі ерекше оқиғалардың атауымен балаларға есім беру біздің елде де өріс алған. Ал Қытайдың 4000 баласына «Aoyun» яғни Олимпиада ойындары деген есім берілген. Жалпы бұл елде әр түрлі девиздар немесе айтулы шаралармен балаларды атау кең таралған.
2. Басыңды тік ұстамасаң, мойнына ине қадалады!
Әскери адамдар бастарын тік ұстау үшін кей кезде олардың жағаларына ине қадап қояды екен. Басты дұрыс емес ұстаған жағдайда ине мойнына кіріп кетуі мүмкін екендігін білетін әскерилер бұл жақта «тәртіп» және «біркелкілік» дегенді біледі.
3. Иттердің орнына қаздар сіздің артыңыздан қуса, қалай қарайсыз?
Дәл осындай жағдай сізбен тек Қытайда болуы мүмкін. Себебі осы жақтың полицейлері ел тыныштығын сақтау үшін иттің орнына көбінесе қазды пайдаланады екен. Қаздар агрессиялық күйі мен қырағылығы үшін бағаланады.
4. Ұлы Қытай смогы
Тұмшаның (смог) Пекинді жаулап алғаны соншалық — мұнда өмір сүретін адамдар күніне 21 рет шылым шегетіндей зиян алады екен.
5. Көліктен жылдам поезд
Шанхай мен Пекинді жалғайтын теміржол поезды «ең жылдам» поезд болып саналады. Ол тіпті сағатына 480 километрге дейінгі жылдамдықты бағындыра алады.
6. Гонконг Қытай емес, Британ заңына бағынады
Қытайдың барлық жерінде оң жақты қозғалыс болса, тек Гонконг бұл заңға бағынбайды екен. Гонконгте көліктер британдық сол жақты қозғалыс заңымен жүреді.
7. Жастар туған елге қайтпайды
ҚХР-дың ең үлкен мәселелерінің бірі — оқуға кеткен жастардың елге қайта оралмауы. Оқуға жіберілген 10 адамның жетеуі туған еліне қайтып бармайды екен. Олардың ішінде ең көбі АҚШ-қа барып, қайтпай қалған. Мұнда ең көп қытай диаспорасы бар.
8. Брэд Питті Қытайда ешқашан кезіктірмейсіз деп уәде беремін!
Брэд Питт өмір бойы Қытайға кіруге рұқсат ала алмайды. Басты мәселе — ол түскен «Тибеттегі 7 жыл» фильмінде. Қытайда бұл фильмге тыйым салынған.
9. Синцзяньда күн сағат 6-да емес, 10-да шығады
Қытай аумағы бойынша әлемдегі үшінші ел болса да, онда бір-ақ уақыт белдеуі бар. Пекиндік стандартты уақыт белдеуі бойынша барлық Қытай өмір сүреді. Сол себепті Қытайдың кейбір қалаларында, мысалы Синцзяньда күн әдеттегідей 6-да емес, 10- да шығады.
10. Қытайлықтар тамақ үшін 25 миллион ағаш пайдаланады
Әр жыл сайын қытайлықтар 74 миллион жұп таяқшаларын тамақ үшін пайдаланады. Бұл ағаштың 1,7 миллион кубы немесе 25 миллион ағаштай.