Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Қайрат Нұртастың «Арман» фильмі не туралы?

Басқа ақпараттар

Соңғы екі аптадай көптің аузынан түспей жүрген Қайрат Нұртастың фильмін сіз көрдіңіз бе?

Ең алдымен, Қайрат Нұртастың инстаграмм парақшасын ақтарып, фильмі жайлы пікірлерді жинап шықтым. Пікірлер екі жақты, көрермендердің 80% — жақсы пікір қалдырса, қалған 20% — сұмдық пікірлерін қиналмай жазып кеткен:

  • bekarysdaulethan: Ассаламуалейкум Кайрат Кино просто супер ! Разымын саган!»
  • toktarbaiazhar: Кино өте керемет шыккан ❤
  • baratovaaa: Жулдыз Абдукаримова оз ролин керемет ойнап шыкты озым корып жыладым
  • _ayazhan: Киноның жалғасын күтеміз.
  • bayzakovabet: Зың зың го
  • aida_bekturqan: Курысын, келиншегин сонша бир кинога тусирип, елге керемет кылып корсетип..
  • shtory.elegant: Аллахтын периштелерине ондай мазак жасаманыз Аллахтын периштелери еш уакытта уйкыга кетпейди осы бир кинонын аты гана унамай калды бир мазак ретинде кабылдадым бул меним оз пикирим
  • nurzhankaraguishiev: Өте нашар кино зорлық сюжеттері бар. Өскелең ұрпақ осындай кино корип бұзылады
  • marsel_jansel: Актерлар Дың Дың Дың
  • ashleisimgali: Туран мен Хаомага мыкты рекламаны аямаган екенсиндер не болса да
  • orazbekovazulfiia: Ешбир Казак актрисаларына конлим осыншалыкты толмаган еди керемет

Мақсатты түрде ЭКСПО-ның қазіргі жағдайы жайлы ақпарат жинауға бағыт алған едік. Дегенмен, күні бойы блогтурда қызмет көрсеткен фотоаппаратымыз аяқ астынан сөніп қалды да, мақсатымыз іске аспай қалды. Бұл да бір белгі шығар деп, аяқ астынан киноға кірейік деп, Қайрат Нұртастың жаңа фильміне тоқталдық. Кино «әдемі» басталды, бірақ артынша кино таза «атыс-шабыс, қыру-жою» болып кетті. «Қанды» ешқашан ерікті көре алмайтындығым үшін фильмнің көп бөлігінде бетімді жауып отырдым. Көзіме жас та келді. Сол кезде экранның ішіне кіріп, ана «иттерді» қарусыз өлтіргім келді. Адам психологиясына қатты әсерін тигізеді.

Неге ол біз үшін ауыр фильм болды?

Себебі, фильм шындыққа негізделген. Адам осындай ащы шындықты өз көзімен көре отырып, қолынан ештеңе келмейтінім саналы түрде түсінген кезде өз-өзіне сыймай кетеді. Себебі, ол өзін қауқарсыз сезінеді. Оған қоса, қаракөз қыздарымыздың осындай қайғы — қасіретті басынан өткізгені, өткізіп жатқаны және әлі де өткізе беретіні жайлы ойласа, тіптен жарылып кетердей күй кешеді екен.

Қалтасы қалыңдардың қорлығын қоя тұрғанда..

Қысқасы, фильмнің айтары көп. Бір бейкүнә бойжеткеннің бақытсыздығын бейнелей отырып, бүкіл қоғам шындығын шебер көрсеткен. Сол үшін фильмді көргенім үшін еш өкінбеймін. Актерлер шеберлігінің деңгейі туралы айтатын мен емес, сол себепті осы жерден тоқтай қояйын..

Әр жағын сіздер жалғастырарсыздар..

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img