Сәлемдесудің ерекше түрлері

21572

«Хада», «адаму», «вай», «мано по» деген сөздерді сіз білесіз бе?

Әлемде қанша ел болса, сонша салт-дәстүр қалыптасқан. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа», – деген сөз  – осының дәлелі. Ең қарапайымы сәлемдесудің өзі әр алуан. Сәлемдесу – әдептіліктің белгісі!

«Алыстан сәлем береді әдепті елдің баласы», – дегендей әлемнің сәлем беруіне тереңдеп көрейік.

Жаңа Зеландия елінде кез келген жан жасына, жынысына қарамастан, сәлем берген кезде мұрнымен бір-біріне үйкелесу керек. Осындай заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.

9 ғасырдан жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлер кейбір елдерде әлі де сақталып қалған. Сол елдердің бірі – Тибет. Тіл шығарып амандасу біреуге әбестік болып көрінсе, тіпті кейбір жан өмірімен қоштасып жатады. Ал бұл дәстүр – Тибет елінің бабадан келе жатқан жалғасы. Бұл дәстүр әлі де сақталып қалған.

Моңғолия елінде бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған «хада» деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі. Оның түсі ақ, кейде көк, жасыл болады. Хада ұсынылған кезде  қонақ оны екі қолымен алып, басты изеуі тиіс.

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Тайпа адамдары бірін-бірі көргенде билей бастайды екен. Би – сәлемдесу кұралы. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

Тайланд елінде амандасу рәсімі «вай» деп аталады. Ол осы күнге дейін өз мәртебесін жоғалтпаған. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, «савадди» деп айтады.

Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жасы кіші кісі үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды да, саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, «мано по» деп айтады. «Мано» — қол, «по» — құрмет деген мағына береді. Осы секілді сәлемдесудің әр түрі бар екен.

Сәулет ИБРАГИМҚЫЗЫ