АЛАШПЫЗ БІЗ!

Басқа ақпараттар

(Алаш арыстары рухына арнау)

 

Алашпыз біз батыр жұрттан құралған,

Жау келсе де тайсалмай еш тұралған.

Алашым деп, өткен сендік елдіктің,

Бірлік жайлы өтем мәңгі жыр арнап.

 

Алашым деп ардақтаймын Сіздерді,

Бас ию мен қоймай Сізді іздеуді,

Пір тұтуға мен уәдемді беремін,

Соңдарыңнан өшпес мәңгі із көрдім.

 

Міржақыбым асыл ерлер Мағжаным,

Тереңіңнен тердім тарих маржанын.

Ұмытылмас өрнек салып жүрекке,

Әлихандар пірі болған әр жанның!

 

Қазақ үшін атылды ғой арыстар,

Қаза тапты, нәубет көріп барыстар.

Кеңес неге кемел естен айырды,

Кең елімнің жағасынан тар ұстап!

 

Ардақты ерім, асыл Мағжан кешегі,

Сен ойласам, түпсіз уайым кешемін.

Өшпес өлең жастарыңа сенумен,

Қалдырғаның өзегімді теседі.

 

Сеніміңді ақтау үшін өсемін!…

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз