Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

«Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты семинар-тренинг өтті

Басқа ақпараттар

13 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ ұйымдастыруымен №60 мектеп-лицейінің қызметкерлері және оқушылардың ата-аналары арасында «Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің өткізілуіндегі басты мақсат — жастардың өз ісін сүйетін, шебер кәсіп иелері санынының көбеюіне, бәсекеге қабілетті мамандардың артуына кішкентай болса да өз үлестерін қосу.


Семинар-тренингке келіп, осы бағытта жұмыс жасап жүрген халықаралық дәрежедегі психолог-коучерлердің авторлық бағдарламасы негізінде жүргізілген түрлі кеңестерді тыңдаған әрбір ата-ана өз баласының қабілетіне қарай бағдар беріп, оның дұрыс мамандық таңдауына жол көрсетуі үшін бағдарламада қамтылған ережелермен таныс болды.

Тіпті, осы уақытқа дейін кәсіптік бағдар беруде қате қадам жасағандары турасында да көптеген қателіктерге бой алдырғандарын да сөз етті. Ұйымдастырушыларға разы болған қатысушылар осы сынды тренингтердің көптеп өткізілуін сұрап, ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының ірі кәсіпорындары мен ұйымдарындағы 14-18 жас аралығында балалары бар ата-аналарға семинар-тренинг арқылы кәсіби бағдар берудің өзектілігі жөнінде кеңес беру іс-шаралары өткізіліп келеді.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img