Бала тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік пен дайындық керек. Балаға өсе келе не айту керек? Оның дұрыс дамуы үшін не істеу керек?
Сіз бар болғаны мына 7 қағиданы білуіңіз керек.
«Мен саған сенемін»
Әр ана баласына сенетінін, оның қолынан көп нәрсе келетінін жиі айтып тұруы керек. Бала жастайынан өзіне сенімді болып өссе, бақытты, табысты болады. Бұған дәлел ретінде көп нәрсе келтіруге болады. Есіңізге түсіріп көріңіз, айналаңыздағы сенімді адамдардың қандай сыры бар? Оның ата-анасыменқарым-қатынасы қандай?
«Ешқашан жеңістен бас тартпа»
Егер бала бір ойын, конкурста жолы болмай, жеңіліп қалса, оны сөгудің қажеті жоқ. Керісінше, одан әрі жігерлендіріп, шабыттандыру керек. «Сенің қолыңнан келеді», «жеңіске ұмтыл», «бір күні жемісін көресің» деп қанаттандыруға тырысыңыз. Сонымен қатар, проблеманың шешудің көп жолы бар екенін айтыңыз.
«Біз тәжірибе арқылы үйренеміз»
Балаңыз қиындықтар мен қателіктердің қалыпты нәрсе екенін түсіне білуі керек. Қателіктің де бір пайдасы бар екенін түсіндіріңіз.
«Әрбір табысты адам сен сияқты шәкірт болды»
Балаңызға әр миллионер, табысты адамның да бала, шәкірт болғанын айтыңыз. Бала қателесудің қалыпты нәрсе екенін түсінуі керек. Мақсатқа жету жолындағы әртүрлі кедергілерге дайындаңыз. Табысты, бақытты болғысы келсе, төзімді, мақсатқа берік болуы керек екенін айтып, түсіндіріңіз.
«Қиындық – сабақ»
Балаңызға өмірде болатын қиындықтар жеңіліс емес, оның жігерін ұштайтын жаңа сабақ деп түсіндіріңіз.
«Әр қателіктен сабақ алуың керек»
Балаңыз бір қиын жағдайға тап болғанда, қателік жасағанда одан «қандай сабақ алдың?» деп сұраңыз. Сол жағдайды бірге талқылаңыз. Әр қателіктің біз үшін үлкен сабақ екенін түсіндіріңіз.
«Ештеңеден қорықпа. Біз сені жақсы көреміз»
Өзіңіздің бала кезіңізді еске түсіріңіз. Махаббат пен қамқорлықты сезінгенде ешнәрседен қорықпайтын едіңіз, рас па? Бала үшін қауіпсіздікті сезіну маңызды. Ол ата-анасының қасында өзін бақытты, жайлы сезінуі керек. Бұл оған жеке тұлға, мінезі мықты адам болуға көмектеседі. Баланы ұйықтатар алдында үнемі «ештеңеден қорықпа, біз сені жақсы көреміз» деп құлағына құйыңыз. Мұны күлімсіреп, маңдайынан иіскеп айтатын болсаңыз, ол есейгенде сізге қамқор болады. Баланың әрекеті тек ата-анасының тәрбиесіне байланысты. Осыны ұмытпаңыз.
Дереккөз: Әйелдерге кеңестер