Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

«Арыстан Патша» қайтып келді

Басқа ақпараттар

Disney студиясы аңызға айналған «Король левтің» 25 жылдығына мультфильмінің ремейкін жарыққа шығарды. Адалдық пен билік үшін күрескен африкалық саваннаның мекен етушілері жайлы бұл туындыны миллиардтаған көрермен тамашалайтыны сөзсіз.

«Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен аталмыш анимациялық фильм «Арыстан Патша» деп тәжімаланып, қазақ тілінде дубляждалды. Осылайша Симба, Нала секілді сүйікті кейіпкерлеріміз қазақша сөйледі. Әлемге әйгілі Бейонсе орындаған Наланың «Алға» әнін «X-Factor» тележобасының жеңімпазы Дария Габдулл шырқаған.

 

«Қазіргі таңда кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильмдер прокатының ыңғайсыз уақыты туралы шағымдар келіп түсуде. 2018 жылы Қор қолданыстағы заңнамада көрініс таппаған сала субъектілері үшін салықтық преференцияларды қоса алғанда, кинотеатрлардағы аудиториялар үшін қазақ тіліндегі контенттің тең қол жеткізуіне қатысты «Кино туралы» заң жобасына ұсыныстар енгізді. Менің ойымша, бұл бағыттағы жұмысты қазақ тілі мен мәдениетін дамыту саласындағы уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдап, жалғастыруы керек», — деді фильмнің алдын-ала көрсетілімі барысында «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусова.

BI Group компаниясының демеушілігімен дубляждалған «Арыстан Патша» «Өзіңнен баста» жобасы аясындағы 31-ші көрініс. Жоба «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img