Жастар жылы- жаңа мүмкіндіктерге толы тарихи кезең. Қазақстанның болашағы жастардың қолында екені анық. Жан-жақты шыңдалып, дамуы үшін жастарға аға буынның жол көрсетуі жөн-ақ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік қолдауы аясында «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық қоры қолдау көрсетіп, жастарға бағыт берер, еліміздің белгілі тұлғалармен кездесулер ұйымдастыруда.
17 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан техникалилық колледж студенттері Қазақстан студенттері альянсының президенті Ілияс Түстікбаевпен кездесті. Спикер шарада студенттік өмірге кеңірек тоқталды . Түрлі тақырыптар қозғалып, студенттермен емен-жарқын әңгіме айтылды. Мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндектер, тәжірибелерден өту, шәкіратқы және жатақхана мәселелері туралы сөз болды. Студенттер толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.