Назарбаевтың бір ауыз сөзі көшіп жатқан офицерлерді тоқтатты

1380

Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан жерінде әскери қызмет атқарып жүрген өзге ұлт өкілдерінен шыққан офицерлер өзге елдерге көше бастағанда, Назарбаевтың бір ауыз сөзі тоқтатыпты.

Бұл туралы Есен Елеукенге берген сұхбатында генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев айтып берді.

Генералдың айтуынша, тәуелсіздік алған жылдары әскерилердің бәрін ұстап қалу өте қиынға түскен. Өйткен қазақ жерінде қызмет ететін әскерилер өз елдеріне оралуды мақұл көріп, көше бастайды.

Алайда, сол кездегі Президент Н. Назарбаев «Ер азамат бір-ақ рет ант беруі керек, сендер біздің елде ант бердіңдер» деген сөзі офицерлерге қатты әсер етеді. Біразы осы сөзге тоқтап, көшпей қалса, көшкендері ол жақта екінші рет ант қабылдаудан бас тартып, қайта оралады.

Осылайша, жоғары білікті әскерилерді ұстап қалуға мүмкіндік болды дейді Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев.