Атырауда 22 981 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр

246

Биыл Атырау облысында аталған жоба аясында 22 981 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, биыл «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыру көзделіп отыр.

«Биыл Атырау облысында аталған жоба аясында 22 981 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланды. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 14 374, әлеуметтік жұмысқа 338, жастар тәжірибесіне 825, қоғамдық жұмыстарға 3 868, алғашқы жұмыс орындарына 91 адам орналастырылады. Ал, қысқа мерзімді кәсіптік курсқа 1 840, «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 1000 адамды оқыту жоспарланды. Сондай-ақ, өз ісін ашу үшін 645 адамға гранттар берілед», -дейді Азамат Мәмбетов.

Дереккөз: ҚазАқпарат