Болат Төкежанов медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы қордың экс-басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қиын-қыстау кезеңде қор алдында одан да қатал сын-қатерлер, одан да маңызды міндеттер тұр. Сапаға деген сұраныс жағдайға қарамастан өседі. Бірақ медициналық сақтандыру қорының іргетасы қаланды, әрі қарай жұмыс істеу ғана қалды.
Осы жұмысқа көмектескендерге алғыс айтамын. Бұл қатарда басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері, медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау менеджерлері, сала сарапшылары және медициналық сақтандыру жүйесінің қызметкерлі бар. Олар ынтымақтастық қағидаттарын қолдайды әрі қор болашағына сенеді», — деп жазды ол.
Төкежанов қорды 2020 жылдың шілдесінен бастап басқарды.