Среда, 21 мая, 2025
No menu items!

Қ. Тоқаев «Nur Otan» партиясындағы Б. Байбектің лауазымын жоюды тапсырды

Басқа ақпараттар

«Nur Otan» партиясындағы партиясындағы бірінші орынбасар лауазымының орнына атқарушы хатшы лауазымын енгізу керек.

Бұл туралы Президент Қ. Тоқаев бүгін өткен партия съезінде мәлімдеді.

«Партияның ұйымдастыру құрылымын да қайта қарау қажет. Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына атқарушы хатшының, сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша басқа хатшылардың міндетін анықтау» — деді Президент.

Айта кетейік, Партия съезінде Елбасы Н. Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қ. Тоқаев партия төрағасы болып тағайындалды. Ал партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымын Бауыржан Байбек атқарып отыр.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «SUPER LIGA» Жайдарман ойыны өтті

10 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Алатау дәстүрлі өнер театрында республикалық «SUPER...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз