Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

Қазақстандағы орташа жалақы көлемі 275 мың теңгеден асты

Басқа ақпараттар
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың төртінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 275 580 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл ретте атаулы жалақы индексі 2020 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 118,2%-ды, нақты 108,7%-ды құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 546,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 520,7 мың теңге (1,9 есе), кәсіптік қызмет саласында, ғылыми-техникалық қызметке – 442 мың теңге (1,6 есе), ақпарат және коммуникация саласына – 370,1 мың теңге (тиісінше 1,3 есе), делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында орташа айлық атаулы жалақының төмен деңгейі тіркелді – 167,3 мың теңге және сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау – 169,1 мың теңгеге тең.

Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында байқалады – 420,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 1,5 есеге жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында 203 мың теңгені құрап, республикалық көрсеткіштен 26,3 пайызға төмен деңгейді көрсетті.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img