Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

Он баланың анасы «Жыл кәсіпкері» атанды

Басқа ақпараттар

Ақтауда тұратын он баланың анасы «Жыл кәсіпкері» атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жақында 36 жастағы Гауһар Ешмұханова 10-шы сәбиін дүниеге әкелді. 5 қыз, 4 ұлдан кейін туған нәрестенің есімі Самир.

Балалардың екеуі студент, төртеуі мектеп оқушысы болса, тағы екеуі балабақшаға барады.

Көпбалалы отбасы бірнеше салада жеке кәсібін өрбітіп, ірі жобаларды іске асырып келеді.

Жас ана жақында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жетістікке жеткен тұлғалар арасындағы People Awards премиясының «Жыл кәсіпкері» аталымы бойынша үздік деп танылды.

«10 баланың тәрбиесімен қатар әр ана өз ісін жүргізіп, дамуға мүмкіндік бар. Әрине, ол қажырлы еңбекті қажет етеді. Біз көптеген қиындықтан өттік. Бірақ мойымадық. Міне, бүгінде еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Біз жасай алсақ, басқалардың да қолынан келетіні сөзсіз», – дейді Гауһар Ешмұханова.

Сонымен қатар Ешмұханавтор отбасы қайырымдылықпен айналысып, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып тұрады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img