Күзетшілер, жүргізушілер: Биыл қандай мамандарға сұраныс сақталады?

Басқа ақпараттар

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаменті биыл қай сала қызметкерлеріне сұраныс сақталатынын айтты.

Департамент деректері бойынша, жалдамалы қызметкерлерге сұраныс 188,6 мың адам болады. Сонымен қатар, күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар мен жүргізушілер еңбек нарығында ең танымал болып, жаппай сұраныста қала береді.

«Салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлері көбірек талап етіледі», – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Сарапшының айтуынша, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды ескере отырып, жалпы еңбекке қабілетті жастағы халық саны биыл 11,4 млн адамға(2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 98 мыңға өседі) жетеді.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз