Біржан Оразов — Еуропа чемпионатының ең үздік сұрмергені

477

Футзалдан Нидерланды елінде өткен Еуропа біріншілігінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов 7 гол соғып, тарихта алғаш рет «ең үздік шабуылшы» номинациясын жеңіп алды.

Біржан Оразов гол соққан құрамалар:

🇸🇮 Словения — 1️⃣ гол
🇫🇮 Финляндия — 2️⃣ гол
🇮🇹 Италия — 2️⃣ гол
🇺🇦 Украина — 2️⃣ гол

Бұған дейінгі көрсеткіштеріміз:

🇷🇸2016 жыл: Серік Жаманқұлов — 6️⃣ гол (5-орын)
🇸🇮2018 жыл: Дуглас — 4️⃣ гол (4-орын)

Айта кетейік, Еуро-2022 додасында Қазақстан құрамасы өз тобынан бірінші орынмен шығып, ширек финалда Украинадан 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

Ал жалпы турнир қорытынды бойынша, финалда Ресеймен кездескен Португалия 2:4 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Ал үшінші орын үшін таласта Испания Украинадан 4:1 есебімен басым түсті.