Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Азаптау, тұтқындар өлімі: Тәртіпсіздіктерден кейін ұсталғандарға қатысты 133 іс тергеліп жатыр

Басқа ақпараттар

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталғандарға қатысты өлім, азаптау және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деректері бойынша 133 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кенебаев заңсыз әрекеттер, соның ішінде азаптау негізінен тергеудің бастапқы кезеңінде болатынын айтты. Оның айтуынша, ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеуші немесе жедел уәкілмен жалғыз қалады. Көп заңсыздық осы кезде тіркеледі.

«Ұсталғандардың көбі өз құқығын білмейді, қорғаушылары да жоқ. Көп жағдайда полицейлер осыны пайдаланады. Оның себебі нақты реттелген жұмыс тәртібінің жоқтығында. Қаңтар оқиғасы соның айқын дәлелі», — деді ол Мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Бас прокурордың орынбасары прокуратура органдарына қаңтар оқиғасына байланысты құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаптауы және құқығын бұзғаны туралы 250 арыз түскенін айтты.

«Мәселен, биыл 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз қамауға алынған 24 қала тұрғынын босатты. Бұл факт бойынша арнайы прокурор тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ адам өлімі, азаптау, жәбірлеу фактілері бойынша да істер тергеуде. Ұсталғандарға қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр», — деді Кенебаев.

Ерлік Кененбаев тергеудің объективтілігі үшін барлық іс бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалғанын айтты.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img