Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын айтты.

«Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл – Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін», — деді Президент бірлескен мәлімдеме кезінде.

Айта кетейік, кеше Ресей Федерациясының астанасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин келіссөз жүргізді.