Әлеуметтік желілерде нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тарады. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Біздің елімізде де, әлемде де жаңа туған нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан жоқ. Қазақстанда 12 жастан асқан балалар ғана COVID-19-ға қарсы егіледі. Рұқсат етілген вакцина – Pfizer/BioNTech шығарған Comirnaty. Оны ДДСҰ мақұлдады. Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді тек олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының ерікті келісімімен ғана вакцинациялайды», делінген ақпаратта.