Қазақстан кәсіпкерлері электронды коммерция дағдыларын тегін оқитын болады. BTS Education ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және Mastercard төлем жүйесінің қолдауымен шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған Электронды коммерция мектебін іске қоспақ. Бұл туралы  Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Бүгінде әр кәсіпкердің бизнесі цифрлық технологияларды оның қаншалықты тиімді әрі сауатты қолданатынына байланысты. Қазақстан кәсіпкерлеріне электронды коммерция көмегімен өз бизнесін онлайн кеңейту үшін оқудан өту ұсынылады. Қатысушылар ісін цифрлық кеңістікте жолға қоя отырып табыс табуды үйренеді, өзекті digital трендтер жайында ақпарат алады.

Аталған міндетті жүзеге асыру үшін, BTS Education компаниясы ашық қолжетімділікпен ecommerce.jumysbar.kz LMS-платформасына орналастырылған  электронды коммерцияның онлайн мектебін құрды.

Кәсіпкерлер мен ШОБ өкілдері қайталау мүмкіндігімен өздеріне ыңғайлы уақытта онлайн-форматта оқи алады.

Е-commerce мектебі таргеттелген жарнаманы әзірлеу, әлеуметтік желілерде парақша жүргізу, онлайн-дүкен ашу, халықаралық онлайн-алаңдарда тауар сату, онлайн-төлемдер қосу және киберқауіпсіздік секілді жаңа дағдыларды игеру мүмкіндігін ұсынады.

Курстан өтетін барлық ШОБ өкілдері бизнесті онлайн алаңда өрістетуге 1,000,000 теңгелік грант тағайындалатын ішкі конкурсқа қатысатын болады.