Украинадағы ахуал ел экономикасына кері әсерін тигізеді. Мәскеу биржасының құлдырап, рубльдің күрт құнсыздануы теңге бағамын әлсіретеді. Бірқатар отандық сарапшылар осындай пікірде.
Белгілі экономист Мақсат Халықтың айтуынша, Ұлттық банк қазірдің өзінде 33 млн доллар интервенция жасады. Бірақ төл теңгеміз одан құнды болып жатқан жоқ. Қара алтын бағасы да қымбаттайды. Brent маркалы мұнайдың 1 баррелінің құны 100 доллардан да асып түсуі мүмкін. Сондай-ақ Ресеймен сауда-саттық көлемі төмендейді. Былтыр ел импортының 40 проценті көрші мемлекетке тиесілі болды. Осы тұста айта кеткен жөн, былтыр Украина мен Қазақстан арасындағы алыс-беріс 1 млрд долларға жетті. Статистикаға сүйенсек, тиісті көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 процентке көп.
Мақсат Халық, экономист:
– АҚШ жаңа санкцияларды жұмылдыратын болса негізінен қаржылқ жүйеге бағыттайтынын айтып отыр. Бұл жерде суифт дейтін рубль құнсызданады. Ол, әрине, теңгемізге әсер етеді.
Дереккөз: 24kz