Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жоба ұсынылды.
Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жобасы ұсынылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті.
Оның аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталандыратын кешенді шаралар жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қосылады. Ел қорғайтын, мемлекетімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге басымдық беріледі, – деді партияның атқарушы хатшысы.