Украинадағы жағдайға байланысты Ресей экономикасына қарсы енгізілген санкциялардан кейін ірі әлемдік брендтер Ресей Федерациясында өз тауарларын сатуды тоқтату туралы шешім қабылдап жатыр. Олардың қатарында автомобильдерден бастап спорттық тауарлар мен смартфондарға дейін бар.

Дәл қазіргі уақытта Ресейге тауар әкелмеу туралы шешім қабылдағандар:

Apple (iPhone, сағат және MacBook жеткізілімдерін тоқтата тұратынын, сонымен қатар Apple Pay қызметін қоса алғанда, қызметтерін шектейтінін мәлімдеді);

Nokia;
AMD;
Intel;
BMW;
Boeing;
General Motors;
Harley-Davidson;
Volvo;
Volkswagen;
Audi;
Ford (сонымен бірге Ресейдегі бірлескен кәсіпорынның жұмысын тоқтатты);
Nike;
SKF.

Бастапқыда санкциялар тұтыну нарығына әсер етпейді делінген еді, бірақ Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шетелдік компаниялардың көзқарасы да өзгеріп жатқан секілді.

Дереккөз: FinTolk