29 наурызда Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы өтпелі кезеңінде Молдоваға қарсы қарымта матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 наурызда Кишиневте өткен кездесуде қазақстандықтар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, С лигасында қалуға мүмкіндігін арттырды. Бұл үшін Андрей Карпович шәкірттеріне жеңіліп қалмау жеткілікті.

Дегенмен, Қазақстан құрамасы тең ойнағысы келмейді, өйткені бірінші матчта қол жеткізген басымдық әлі де аз және оны арттыру қажет.

Қазақстан – Молдова матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:50-де басталады және оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.