Домой Блог Страница 295

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері үшін ауқымды емтихан ұйымдастырылды

емтиханОсы апта бойы «Отар» 40-шы әскери базасының «Мәтібұлақ» полигонында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әртүрлі мамандықтағы 400-ден аса әскери қызметшісі ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығының шынайы жай-күйін көрсететін емтихан, сынақтарға қатысады.

Мотоатқыштар, танкішілер, десантшылар, теңіз жаяу әскерлері, артиллерияшылар, гранатаатқыштар, байланысшылар, инженерлер, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің жауынгерлері өз взводының, бригадасының, өңірлік қолбасшылығының жеңісіне үлестерін қосуға көмектесетін ең жақсы қасиеттерін паш ететін болады.

Сайысқа қатысу үшін барлық өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінен «Мәтібұлаққа» минаатқыш батареялары, мотоатқыш, танкті және десанттық-шабуылдау взводтары, ӘШҚҚ батареялары, байланысшылар мен инженерлердің бөлімшелері жиналды.

Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілеріне  6 күн ішінде ЖӘЖМ мен танктердің штаттық қару-жарағының барлық түрінен оқ атуда өздерінің қабілеттерін, ал взвод командирлеріне шынайы жауынгерлікке және жылдам ауысып тұратын жағдайға барынша жақындатылған жағдайларда бөлімшенің атысын басқарудағы дағдыларын көрсету қажет.

Қатысушылардың құрамы туралы бөлім командирлері сынақ басталатын күннен бірнеше күн бұрын ғана білді. Сондықтан бөлімшелердің штаттық құрамын ауыстыруға мүмкіндік болған жоқ, оның үстіне бөлімшелердің алдын ала тізімі ұйымдастырушыларда күні бұрын болды. Осылайша, бұл жарыс өңірлік қолбасшылықтардағы, әскер тектері мен әскери бөлімдердегі жауынгерлік даярлық жай-күйінің анық сипаттамасын көрсетеді.

Бүгінгі күні Құрлық әскерлердегі жауынгерлік даярлық бойынша негізгі күш-жігер барлық мамандықтағы әскери қызметшілердің кәсібилігін арттыруға бағытталған. Бұл сайыс іс жүзінде бірлестіктердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің қайсысы өткен жыл бойынша ең жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетеді. Дене даярлығы бойынша әскери нормативтерді тапсыруға ерекше назар аударылады. Әскери қызметшілер қысқа тыныс алып белтемірде жаттығулардың барлық кешенін барынша көп рет орындауға, 24 келілік 2 гір тасын итеруге, сондай-ақ жалпыәскери ұрыстың негізгі өлшемдерін көрсететін АТА (атлетизм – табандылық – алғырлық) кедергілер жолағын бұзып өтуі тиіс. Күштік жаттығулардан кейін взводтар қысқа уақыт аралығында (27 мин.), взводтың 50 метрден аса «шұбалтпауын» болдырмай және мәреге толық құрамда ғана келу қажеттілігі талаптары қойыла отырып, бөлімше құрамында қарумен толық жарақтандыруда 5 шақырымға жүгіреді.

Экспресс-тестті өткізу қорытындысы бойынша Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Әмір Халиковтің төрағалық етуімен комиссия бүгінгі таңда қай құрама, қандай әскери бөлім әскери ғылымды анағұрлым ойдағыдай меңгеріп жатқанын айқындайды.  Одан басқа, ерекшеленген бөлімшелер мен жауынгерлер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысынан грамтолар, сыйлықтар мен жүлделер алатын болады.

mod.gov.kz

Ди Каприо Volkswagen-дегі жанжал туралы фильм түсіреді

a7269efad975d88ac7a02c6099252613_LАктер Леонардо Ди Каприо Paramount Pictures компаниясымен бірігіп, Volkswagen неміс концерні тарихындағы жанжал туралы фильм түсіреді.

Олар Джек Эвингтің Volkswagen-де таяуда шыққан жанжал туралы жазып жатқан кітабын экрандау құқығын сатып алды, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Естеріңізге сала кетсек, өткен айда немістің көлік концернінің әрекеті әшкереленді. АҚШ жүргізген тергеуге сәйкес, компания көліктерінің қоршаған ортаға шығаратын улы қалдықтары мөлшерін қасақана төмендетіп көрсетіп келген.

24.kz

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Астанада алғаш рет Эрмитаж күндері өтеді

Эрмитаж күндері өтеді
Эрмитаж күндері өтеді

Ұлттық музей мен Мемлекеттік Эрмитаж арасындағы ынтымақтастық келісімін жүзеге асыру аясында Тұңғыш Президент күніне орай Астанада алғаш рет Эрмитаж күндері өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров мәлім етті. 

Шараға мемлекеттік Эрмитаж директоры Михаил Пиотров келеді деп күтілуде. Ғалым мамандарға шеберлік сағатын өткізіп, дәріс оқымақ. Сонымен қатар жиында еліміздегі мұражайлардың жұмыс форматын жаңғырту мақсатында Ұлттық Кеңес құру мәселесі талқыланды. Яғни 200-ден астам мұражайдың басын біріктіріп, өзара байланысты нығайту қолға алынбақ.

Мультфильм кейіпкеріне ұқсайтын отандық жұлдыздар

Біз әлсін-әлсін біреуді біреуге ұқсатып отырамыз. Кейде мінезін, кейде қылығын, ал кейде тек қана бет-әлпетін. Comode.kz әйелдерге арналған ақпараттық-ойын-сауық порталының арт-редакторы Әзиза Абайдуллина отандық жұлдыздар мен мультфильм кейіпкерлерінің бейнелерінен өзара ұқсастық тапқан екен. Редактордың осы суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.

Баян Есентаева – Мэй ханшайым. “Мулан-2″

отандық жұлдыздар
отандық жұлдыздар

Әли Оқапов – Оскар. “Су асты жолдастар”

отандық жұлдыздар

Ерболат Тоғызақов – ергежейлі Простак. “Ақ ханшайым және жеті ергежейлі”

отандық жұлдыздар

Төлепберген Байсақалов – Шрам. “Арыстан патша”

отандық жұлдыздар

Иван Бреусов – Тимон. “Арыстан патша”

pogudx6ok6jaoimsc.e67b9343

Фархад Абдраимов – Чьен По. “Мулан”

pogudx9e3v842lrds.7fa32521

Макпал Исабекова – қарт ана Готель. “Рапунцель”

pogudx378plu29hhf.0c12938d

Луина – Мэг. “Геркулес”

pogudx6e167qtmkbg.a1c380a6

Қазыбек Қасым – Эрик. “Су перісі”

pogudx5v0djmarl0f.1cb17eb3

Санжар Мәдиев – Россомаха. “Икс адамдар”

pogudx5uqnou0iqoi.cc3d54e8

Парвиз Назаров – Джинн. “Аладдин”

pogudx2v08u1b07s4.4c30c809

Лидо – Белль. “Сұлу мен құбыжық”

pogudx2u5ccqtb8tfg.3935fd2a

Comode.kz

Исламбек Қуаттың голына түрік комментатордың қуануы

Түркия ЕУРО-2016ға тікелей шығуы үшін кеше Түркияда 80 миллион адам Қазақстанның жеңісін де күтті. Ойынды жұргізіп отырған түрік комментатор Исламбек Қуат соққан голға қатты қуанды.

Астана мен Алматыдан Дубайға қатынайтын бағытта әуе билеттерінің құны арзандады

Астана мен Алматыдан Дубайға қатынайтын бағытта әуе билеттерінің құны арзандадыAir Astana әуе компаниясы 25 қазаннан бастап Астана мен Дубай арасындағы рейсті қайта жандырмақ.

«25 қазаннан бастап біз Астана мен Дубай арасындағы рейсті қайта іске қосамыз. Сонымен қатар, Дубайға қатынайтын рейстерде ең төменгі тарифтің бағасы төмендетілгенін хабарлаймыз. Алматы-Дубай бағытында барып-қайту билетінің құны 80 000 теңгеден, Астана-Дубай бағытында 85 000 теңгеден басталады. Сондай-ақ енді эконом-класс жолаушылары қосымша 10 келі жүк ала алады», делінген әуе компаниясыныі Фейсбук желісіндегі хабарламасында.

Айта кетейік, билеттерді әуе компаниясының сайты арқылы сатып алуға болады.

inform.kz

Таразда бас қақпасында Құран кітабы бейнеленген мешіт ашылды

СнимокТарих сахнасында елеулі орын алар ұлық мереке — Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көненің көзі болған Тараз шаһарында дін мен дәстүрдің озық үлгісі болған, сәулеті келісті мешіт тұрғызылды. Мерекеге арнайы соғылған ғибадат үйі 3 ай ішінде бой көтерген деп хабарлайды «Һибаулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

Аталмыш мешітті ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ашты. Дүбірлі тойға ат артып келген дінбасы Алла үйіне Құран кітабын сыйға тартты. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев құран бағыштап, облыс әкімі жамағатқа құттықтауын жеткізді. Күндердің сұлтаны жұма күні өз есігін айқара ашқан мұсылмандық ордасында екі ракат нәпіл намазы оқылып, кейін уағыз айтылды. Сондай-ақ, азан шақырылып, жұма намазы оқылды.

Бұл Төле би даңғылыңда орналасқан мұнарасы көк тіреген мешіттің имамы болып «Хазірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахметов тағайындалды. Ғимарат әйелдер намазханасымен, дәретханамен қамтамасыз етілген. Оның бас қақпасы қасиетті Құран кітабін бейнелейді. Ал, онда Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи етілген аяттар жазылған. Құрылыс қабырғасында қазақтың ұлттық нақышы – ою-өрнектер салынған. Мешіт сыйымдылығы – 1000 адам.

Ашылу салтанатына сонымен қатар Наиб мүфти, «Хазірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ораз Серікбай, ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Орын және қала имамдары да қатысты. Мешіт құрылысына Нұрлан Лесбекұлы Алжанқұлов демеушілік етті. Бұл мешітке «Кеңескен қажы Ахаев» аты берілді.

Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы берілді
Халық қаһарманы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                                                             Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан
№ 102

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған кең көлемді шаралар кестесі

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған кең көлемді шаралар кестесі
Сүйінбай Аронұлының

2015 жылғы 21-24 қазан аралығында Талдықорған қаласы мен Жамбыл ауданында XIX ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыскер ақын Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған кең көлемді шаралар өтеді. Jas.kz порталы сол шаралардың бағдарламасын ұсынады

Бағдарламада:

21 қазан

10.00  

«Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық ақындар айтысы.

 

Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы.

22 қазан

14.00  

«Текті сөздің төресі — терме» республикалық жыршы – термешілер байқауы.

 

Жамбыл ауданы

Ұзынағаш ауылдық Мәдениет үйі.

23 қазан

10.00  

 

«Сөздің пірі — Сүйінбай» халықаралық ғылыми конференция.

 

 

Алматы қаласы, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы.

24 қазан

9.30 Халық ақыны Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар: Сүйінбай Аронұлы мұражай-ымен танысу, Сүйінбай атындағы саябақтың және ақын ескерткішінің салтанатты ашылуы, салтанатты жиын мен мерейтойлық концерт, ас беру, ұлттық ат спорты ойындарынан жарыс

Геннадий Головкин туралы жаңа бейнеклип жарық көрді

Геннадий Головкин туралы жаңа бейнеклип жарық көрді
Геннадий Головкин мен Давид Лемье кездесуі 17 қазанда өтеді

Геннадий Головкин туралы жаңа видеоролик түсірілді. Оны америкалық рэп әншілері Марио Руиз бен Омар Круз түсірген болатын деп хабарлайды vesti.kz порталы.

Ән «God Of War» (Соғыс құдайы) деп аталады. Бейнероликті рэперлер Головкин-Лемье жекпе-жегінің қарсаңында әзірлеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 17 қазан күні Нью-Йоркте канадалық боксшы Давид Лемьемен кездесуі болады.