Домой Блог Страница 5

Астанада қысқы сырғанау маусымы басталды

cАстанада мұз айдындар мен қысқы сырғанау орындары ашылды. Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы барлық ашық мұз айдынындарда коньки мен шананы жалға беру бағасы сағатына 500 теңге болады. «Қыста, таза ауадағы демалысты қолжетімді ету үшін конькилер мен шаналарды жалға беру бағасы да сағатына 500 теңге болып бекітілді. Мұз айдындарының аумағында дәмхана мен медициналық пункт жұмыс істейді»,-деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

5 мың елордалық жұмысқа орналастырылды

c-1Қалалық мәслихатта қоғамдық тыңдау өтіп, онда «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде елордада жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмыстың нәтижелері қаралды. Үстіміздегі жылы бағдарламаны іске асыру қорытындыларын қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы Артем Әбілдинов баяндады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы екі бағыт бойынша іске асырылуда: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту» және «Оқыту арқылы жұмысқа орналасуға көмектесу және жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде көшіру».

«Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 3 млрд. 559,1 млн теңгені құрайды. Соның ішінде, республикалық бюджет есебінен — 3 млрд. 46,7 млн теңге және жергілікті бюджеттен — 512,4 млн теңге. Игеру — 95%», — деп хабарлады А. Әбілдинов.

Қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бағдарламаның 4926 қатысушысы жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 3554-і  тұрақты жұмысқа, 661-і  жастар тәжірибесіне, инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде — 590, әлеуметтік жұмыс орындарына 121 адам орналастырылды.

«Бағдарламаны іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Биыл бұқаралық ақпарат құралдарында 239 мақала жарияланды. Қалалық Жұмыспен қамту орталығы тұрғындар жиі баратын орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықты әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыруды қолға алды», — деп атап көрсетті қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.а..

Жыл басынан бері елордада халықтың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету мақсатында 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әйелдер мен жастарға арналған мақсатты жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылды, сондай-ақ, қаладағы оқу орындарының түлектері үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізілді», — деді ол.

Қаланың бес сауда нүктесінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері ашылды, ондағы мамандар халыққа жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес береді.

Жұмыс іздеушілерге қажет ақпарат «CZ Astana» қосымшасы арқылы да таратылады. Елордада жұмыспен қамту бағытындағы шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі төмендетілді. Бүгінде оның көрсеткіші Астанада 4,6% құрайды, бұл республикалық деңгейден 0,3%-ға төмен.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы, жұмыссыз халықты және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мемлекеттік қолдау бағдарламасын іске асыру келесі жылы жалғасын табады.

Мереке күндері 1500 полиция қызметкері мен әскери қызметкер Астананы қадағалайды

cЖаңа жыл мерекесі атап өтілетін кезеңде 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында және қаңтардың 7-сі мен 8-і күндері Астана Ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет кестесіне көшіріледі. ҚР ІІМ полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері жалпы саны 1500 адам қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдырылады. Сондай-ақ, мереке күндері автопатрульдер көптеп тартылатын болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

ІІД хабарлауынша, қазіргі уақытта қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін толық шаралар кешені жүргізілуде. Оқиға орнына дер кезінде жету үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатудың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізілуде. Тыйым салынған заттарды әкелуге жол бермеу үшін бақылау күшейтілді.

Созақта балабақша ашылды

7915950a-31cd-48aa-97fe-a9694e0df611Созақ ауданы орталығы Шолаққорған ауылында 60 орындық «Ай-сәулет»  балабақшасы ашылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Исаев қатысып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті.  Жеке кәсіпкер Р. Сариева ашып отырған балабақаша жатын бөлме,  ойын залы,  медицина кабинеті бар.   Балаларға білім беруге және тәрбиелеуге қажетті барлық жағдайлар жасалған балабақша 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Айта кету керек, жыл басынан бері Созақ ауданында 12 балабақша ашылған.  Онда 935 бала бөбекжаймен қамтылса, жалпы 178 жаңа жұмыс орыны ашылған.

Қаржы игеруде қолбайлау болмауы тиіс

362b0133-30b4-4658-9d3a-ee065cf8cd6fОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Нұрлы Жол» бағдарламасы  арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың жұмыс  барысы, облыс бойынша белгіленген индикаторлардың орындалуы мен мемлекеттік бюджет есебінен жоспарланған инвестициялық жобалардың қаржыларының игерлуі жөніндегі штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Биыл облысымызда  жыл басында  жоспарланған  50 нысанның 12-і, оның ішінде 9 мектеп пен 1 балабақша осы жылдың тамыз, желтоқсан айларында пайдалануға тапсырылған. Ал қалған  38 нысанның құрылыс жұмыстары 2017 жылдың еншісіне қалып отыр. Бұл мақсатқа   ҚР Ұлттық қоры есебінен 20,2 млрд.теңге қаржы қаралып,  құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ биыл өңірімізде 525,1 мың шаршы метрді құрайтын  тұрғын үй пайдалануға берілді.  Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 123,9 пайызға  орындалып отыр.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша  Шымкент қаласындағы 9 қабаттық  әкімшілік іскерлік орталығы мен  1 жатақхананың  құрылысына  371,6 млн.теңге   бөлініп,  толық игерілген.
Ал, білім беру нысындарына қаралған 12 973,1 миллион теңге де мақсатты жұмсалған.
Алайда Шымкент, Кентау қалалары мен Ордабасы, Сайрам, Созақ, Төлеби және Шардара аудандары «Құрылыс жұмыстары нақты көлемінің индексі» индикаторын  орындай алмау қаупі бар. Осы олқылықтардың ескерген  облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды жоспарланған нысандарды мерзімінде, бағытталған қаражаттарды толық игеруге, облыс аумағында белгіленген индикаторлардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде аудан, қала әкімдеріне  нақты тапсырмалар берді.

Шымкентте арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

yarmarkaШымкентте Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті тауарөндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге 30-дан  астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 96,3 млн.теңгені  құрайтын 167 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Оның ішінде 62  тонна ет, 57,5 тонна көкөніс, 15,5 тонна картоп, 5 тонна сүт  өнімдері мен 10 мың дана жұмыртқа, 2 тонна балық та бар. Өнімдер нарықтағы бағадан  15 – 20 пайызға дейін арзан сатылды.
Шараның мақсаты – жаңа жыл мерекесі қарсаңында халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету. Айта кетейік, облыста салалық «Агробизнес – 2020», «Сыбаға», «Алтын асық», Құлан» бағдарламалары жоғарғы деңгейде іске асырылуда.
Ағымдағы қаңтар – желтоқсан айларына  ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 415,8 млрд.теңгені құрады.  Ал, ауыл шаруашылығында негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 9,8 млрд.теңгеге жетті.  Негізгі дақылдардың егіс көлемі дәнді дақылдар – 260,0 мың гектар, майлы дақылдар – 80,8 мың гектар,  көкөніс – 40,4 мың гектарды,  бақша – 59,0 мың гектар,  картоп — 15,3 мың гектар, мақта – 109,6 мың гектар және жеміс-жидек пен жүзім 30,0 мың гектарды құраған.
Биылғы жылы орташа есеппен – 676,0 мың тонна  дәнді дақыл жиналды.
Сонымен қатар, 963 тонна   көкөніс, 1413 тонна  бақша, 277 мың тонна  картоп, 281,0 мың тонна  мақта, 125,8 мың тонна  жеміс-жидек және 64,2 мың тонна жүзім жиналған. 96 гектарға жылыжай салынып, жалпы көлемі 1121 гектарға жетіп отыр. Бүгінгі күні осы жылыжайлар есебінен    160,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналған.
Бүгінгі күні жаңадан 15,0 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 174 кооперативтер құрылды.
Бүгінгі күні облыста қайта өңдеу саласында 198 кәсіпорын жұмыс істейді.  Олардың 27-сі  ірі кәсіпорындар санатына жатады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 128,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылдан 15,2 млрд.теңгеге  артып, нақты көлем индексі 104,6 пайызға жеткен.

Ақтөбе қаласында «Aktobe kids» Монтессори орталығы ашылды

Ақтөбе қаласында алғаш рет «Aktobe kids» Монтессори орталығы ашылды.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үшін қажетті жаңа нысанның іске қосылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

— Бүгін Ақтөбеде маңызды нысан ашылып отыр. Әрбір баланың өзіндік бірегей мүмкіндігі бар. Соны дер кезінде анықтап, дамыту қажет. Бала тәрбиесін жас кезінен қолға алу керек деп бекер айтпаған. Осындай методика бізде 4 балабақшада қолданыста бар. Дегенмен облыс орталығындағы мамандандырылған орталық бірінші рет ашылып отыр. Өз тарапымыздан біз, мұндай жобаларды іске асыруға көмек көрсету үшін кез келген осындай жобаларды қолдауға дайынбыз – деді орталықтың ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы.

Орталық 500 м2 алаңға орналасқан және 75 орынға есептелген. Монтессори әдісімен сертификатталған оқытушылар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға тәлім береді.

Орталық өкілдерінің айтуынша, негізгі мақсат — баланың тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және де интелектуалдық, жеке бас қасиеттерімен физиологиялық дамуын жүзеге асыру. Яғни тәрбие және білім беру процесі үнемі қатар жүреді. Жұмыс жасау барысында баланың жасерекшелік психологиясы, даму процесінің психофизиологиялық заңдылықтары ескеріле отырып, әрбір балаға ерекше көзқараспен қарым — қатынас жасалады, -дейді олар.

Сонымен қатар, бүлдішіндердің жан-жақты дамуы үшін, шахмат, ментальды арифметика, зумбакидс ойындары және қазақ, ағылшын тілдері үйретіледі.

Балалар Бердібек Сапарбаевпен әңгімелесу барысында психикалық арифметика бойынша шағын тест өткізді.

Астана Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілді

e6044e7cf94ca6a1da9c43a0575Астанада Жаңа жылды қарсы алуға қызу дайындық жүріп жатыр. Мереке қарсаңында қала түрлі түсті инсталляциялармен, жарқырайтын аркалармен және мүсіндермен безендірілді, бұл қала тұрғындары мен қонақтарына мейрамның сиқырлы атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Биыл елордада 16 шырша орнатылды, бұған қоса, жергілікті бизнесмендер де өздеріне тиесілі аймақтарға шыршалар орнатты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қаланы безендіруде жылда бірыңғай түсті шешім таңдап алынады, биыл көгілдір түске басымдық берілді. Безендірудің жаңа тұжырымдамасы құрылып, жаңажылдық сипаттағы жарқырайтын аркалар мен кронштейндер орнатылады. Жол қиылыстары мен жолайрықтардағы аралдар жаңа 3D кіші архитектуралық формалармен безендірілді. «Қазақ елі» алаңындағы, «Отан қорғаушылар» монументінің алдындағы, Оқушылар сарайының және Сарыарқа ауданы әкімдігінің алдындағы субұрқақтар ертегілік сипатта безендірілді. Жол бойындағы ағаштар жаңа үлгіде безендірілді, олар жарын-динамикалық шарлармен, жұлдызшалармен, ойыншықтармен көріктендірілді. «Астана» концерт залының алдында, Б. Момышұлы даңғылында және Сулы-жасыл бульварында тоннель түріндегі жарық инсталляциялары орнатылады.

Астаналықтардың қыста жиі баратын орны — мұз қалашықтары. Биыл елордада төрт негізгі қалашық жасалды — «Хан Шатыр» СОСО-ның жанында, әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында және «Студенттер» саябағында. Демалыс және мереке күндері мұз қалашықтарында көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылатын болады. Оған концерттер, спорт түрлерінен жарыстар, мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сабақтары, флешмобтар, жәрмеңкелер, спортшылардың көрсетілімдік өнер көрсетуі кіреді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңажылдық сыйлықтар табысталды

18d3b428b075d90eec2e98d3a52Елордалық Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барды. Әлеуметтік қызметкерлер Жаңа жыл мейрамына орай Өмірбек Ақсұңқар, Жүсіп Іңкәр, Биғара Балауса, Амангелді Мақсатқа сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтан өзге, жаңажылдық, мерекелік көңіл-күй, сиқырлы ертегі сәттерін сыйлады. Балалар сыйлықтармен бірге 2017 жылға жетерлік жақсы әсерлер алды», — дейді орталық қызметкерлері.

Елордалық 290 бүлдіршін дельфиндер шоуын тамашалады

c-1Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Алматы» ауданы әкімдігі «Дельфинарий»  аквакешенімен бірлесіп 290 балаға арнап қайырымдылық шарасын өткізді.

Теңіз сүтқоректілерінің шоуына балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды. Қойылымның бағдарламасында афалин-дельфиндерінің, теңіз мысықтарының, ақ поляр китінің трюктері қарастырылған.

Акцияның ұйымдастырушылары тағы 290 бүлдіршінге сенбі күні жарқын бағдарлама ұсынып, көңіл-күйлерін көтермек.