Домой Қоғам Астана Астана Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілді

Астана Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілді

Астана Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілді

e6044e7cf94ca6a1da9c43a0575Астанада Жаңа жылды қарсы алуға қызу дайындық жүріп жатыр. Мереке қарсаңында қала түрлі түсті инсталляциялармен, жарқырайтын аркалармен және мүсіндермен безендірілді, бұл қала тұрғындары мен қонақтарына мейрамның сиқырлы атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Биыл елордада 16 шырша орнатылды, бұған қоса, жергілікті бизнесмендер де өздеріне тиесілі аймақтарға шыршалар орнатты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қаланы безендіруде жылда бірыңғай түсті шешім таңдап алынады, биыл көгілдір түске басымдық берілді. Безендірудің жаңа тұжырымдамасы құрылып, жаңажылдық сипаттағы жарқырайтын аркалар мен кронштейндер орнатылады. Жол қиылыстары мен жолайрықтардағы аралдар жаңа 3D кіші архитектуралық формалармен безендірілді. «Қазақ елі» алаңындағы, «Отан қорғаушылар» монументінің алдындағы, Оқушылар сарайының және Сарыарқа ауданы әкімдігінің алдындағы субұрқақтар ертегілік сипатта безендірілді. Жол бойындағы ағаштар жаңа үлгіде безендірілді, олар жарын-динамикалық шарлармен, жұлдызшалармен, ойыншықтармен көріктендірілді. «Астана» концерт залының алдында, Б. Момышұлы даңғылында және Сулы-жасыл бульварында тоннель түріндегі жарық инсталляциялары орнатылады.

Астаналықтардың қыста жиі баратын орны — мұз қалашықтары. Биыл елордада төрт негізгі қалашық жасалды — «Хан Шатыр» СОСО-ның жанында, әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында және «Студенттер» саябағында. Демалыс және мереке күндері мұз қалашықтарында көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылатын болады. Оған концерттер, спорт түрлерінен жарыстар, мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сабақтары, флешмобтар, жәрмеңкелер, спортшылардың көрсетілімдік өнер көрсетуі кіреді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here