Домой Блог Страница 79

ҚР ЖОО Ассоциациясы магистрлар мен PhD докторларын дайындауға мемлекеттік тапсырысты көбейту мүмкіндігін ұсынады

magistratura-v-germaniiАлдағы жылдары Қазақстанда магистрлар мен PhD докторларын дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыс көбейтілетін болады. Магистрлар мен өндіріс мамандары білім және ғылым саласына шақырылып, профессор-педагогтар құрамын 70%-ға өсірмекші. Бұл туралы Қазақстан ЖОО Ассоциациясының өкілдері хабарлады.

Ассоциация өкілдерінің айтуынша бұл жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық құрамның ескірген мәселелерін шешу әдісі болмақ, сондай-ақ жас магистрлар мен PhD докторларын білім және ғылыммен айналысуға қызығушылықтарын арттырады.

Іс-шара барысында Ассоциация президенті Рахман Алшанов жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушы құрамындағы ара қатынасты қайта қарастыруды және жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтуді ұсынды. Пікірталас кезінде мәселелерді шешудің оңтайлы әдістері ұсынылды, әсіресе талапкерлердің ҰБТ емтиханын тапсырмай оқуға түсуі туралы мәселе өзекті болды. Бастама көтерушілер әр жоғары оқу орнының өз емтихандары болғанын құптайды.

Білім және ғылым министрлігі де бұл ұсыныстарды қарастыруға дайын екендерін мәлімдеді.

ОҚО-да мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары жүруде

800_0Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев хабарлады, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық және Түркістан қалалық мәслихаттарынан шығып қалған депутаттардың орнына кандидаттарды ұсыну және тіркеу барысы бойынша өткен басқосуда тиісті кандидаттар анықталғаны айтылды. Атап айтқанда, №25 облыстық сайлау округі бойынша 6 кандидат, оның ішінде, 5 үміткер өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 азамат саяси партиядан тіркелсе, №13 Түркістан қалалық сайлау округі бойынша  4 кандидат, оның ішінде 3-уі өзін-өзі ұсыну жолымен, 1-уі саяси партиядан ұсынылған.

«Қазіргі таңда аталған округтер бойынша облыстық мәслихатқа – 6, қалалық мәслихатқа – 4 кандидат тіркелді. Сайлау науқаны сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өтуде. Бүгінгі күнге дейін сайлау комиссиясына арыз-шағымдар түскен жоқ», — деді Ә.Өмірәлиев.

Айта кетейік, тіркелген үміткерлердің сайлауалды жұмыстары 5 қазаннан басталды. Үгіт-насихат шаралары 28 қазан, сағат 24:00-ге дейін жалғасады. Ал үміткерлерді сайлау 30 қазан күні өтеді. Қосымша сұрақтар бойынша 24-72-32 нөміріне хабарласуға болады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс табуға көмектеседі

c12 қазанда «Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шараға 25 жұмыс беруші мен 10 артық қоғамдық бірлестік шақырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Келушілер түрлі ұйымдардың өкілдерінен кеңес алып, өз түйіндемелерін қалдыра алады. Қалалық Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінің айтуынша, денсаулық жағдайы мен мүгедектік санатына қарамастан әркімге лайықты жұмыс табу маңызды.

– Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамда бейімдеуге баса назар аударылады. Заңнамаға сәйкес әр жұмыс берушінің штатында мүмкіндігі шектеулі жандар болуы керек. Олар да басқа адамдар сияқты өз еңбегімен ақша тауып, кәсіби тұрғыдан даму құқығына ие, – дейді Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің басшысы Роза Байсалбаева.

Айта кетейік, жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі жандар қолдан жасалған бұйымдар қойылатын стэнд орнатылады. Шара сағат 10.00-13.00 аралығында өтеді.

ОҚО-да «Ontustik Tourism-2016» Халықаралық туристік форумы өтуде

600_125Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Ontustik Tourism-2016» туристік форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Халықаралық шараға Кувейт, Македония, Испания, Пәкістан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілері мен Консулдары, шет елдік және қазақстандық туристік операторлар, жоғары оқу орындары мен 10 шақты шет елдік БАҚ өкілдері, оның ішінде Ұлыбританияның «US Television», Испанияның «EFE» ақпараттық агенттігі, сонымен бірге, еліміздің өзге облыстарынан келген делегациялар да қатысуда.

Еліміздегі туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан — Ұлы Жібек Жолының жүрегі» ретінде дамытуды позициялау мақсатында өткізіліп жатқан екі күндік шарада бизнес-конференциялар өткізіліп, «Silk Way Tourism Fair» туристік көрмесі мен облыс бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылатын болады.

Осының аясында, Сарыағаш жаңа курорт қалашығын дамыту, жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу, туризм мектебін құру және Оңтүстік өңіріне инвестиция тарту бағытында 7 меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Жоғары лига жартылай финалының қорытындысы

Әне-міне дегенше, «Жаңа маусым – Жаңарудың» жартылай финалы да мәресіне жетті. Екі күнге созылған жартылай финалдық кеште Жоғары лигадағы қырық команданың ішінен суырылып шығып, өздерінің мықтылығын дәлелдеген 10 топ финалдық жолдамаға таласты.

«Сәлемдесу», «Жамбы ату», «Жаңа бейнебаян», «Үй тапсырмасы» конкурстары бойынша өнерлерін көрсеткен жайдарманшылар ондыққа бекер кірмегенін дәлелдеді.

Ойынның бірінші күні бес команда — «ҚЖУ құрамасы» (Алматы қаласы), «Аягөз құрамасы» (ШҚО), «ҚазИИТУ құрамасы» (Орал), «Позитифф» (Бішкек), «Сырдария құрамасы» (Жетісай) сайысты.

Жоғары деңгейде өткен ойында финалға екі команда «Сырдария құрамасы» (Жетісай) мен «Аягөз құрамасы» (ШҚО) жолдама алды. 

Ал екінші күнгі сайысқа «Фемида» (Ақтөбе), «Қармақшы құрамасы» (Қызылорда облысы), «ЕҰУ құрамасы» (Астана), «Тек қана қыздар» (Алматы), «Байдың балалары» (Шымкент) қатысты. 

Бұл күнгі ойында финалға тікелей жолдама алған «Байдың балалары» (Шымкент)мен «Қармақшы құрамасы» (Қызылорда облысы) болды.

Ал қосымша тағы бір жолдаманы «ҚЖУ құрамасы» (Алматы қаласы) иеленді. Бұл команданың ұпай саны басқа топтарға қарағанда көбірек болды.

Екі күнгі ойынға да төрелік еткен қазылар құрамы:

Құрманбек Жұмағали — «Қазақстан халқы ассамблеясы» Қоғамдық қорының директоры;

Ғабидолла Оспанқұлов — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Жастар саясаты департаментінің директоры;

Мұрат Әбенов — қоғам қайраткері;

Нұрлан Өтешов — «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының басқарма төрағасы;

Геннадий Шиповских — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындысы қандай?

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beБұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов тарқатып айтып берді, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес, шығып қалғандардың орнына Алматы облысы мәслихаттарының депутаттарын сайлау облыстық сайлау комиссиясының қаулысымен 2016 жылдың 30 қазанына тағайындалған.

Шығып қалғандардың орнына сайлау Алматы облыстық мәслихатының №41 Жетіген сайлау округі, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының №10 Қарашеңгел сайлау округі, Көксу аудандық мәслихатының №2 Измайлов сайлау округі бойынша белгіленген.

— Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну үстіміздегі жылғы қыркүйектің 1-нен 30-ына дейін өтті. Барлығы 9 кандидат ұсынылған, 3 кандидат «Нұр Отан» партиясынан, 6-уы — өзін-өзі ұсынғандар. Олардың бәрінің осы орындарға лайықтылығы тексеріліп, тіркелген. Енді 6 қазаннан бастап барлық кандидат сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі, — деді Т.Дәуітов.

Мақтаралдықтар 110 мың тонна «ақ алтын» жинады

600_124Мырзашөлдік шаруалар мақта қырманын «ақ алтынға» толтырып жатыр. Ақ мақтаны қыркүйек айынан бастап тере бастаған қожалықтар бүгінге дейін 53 мың гектар мақталықтан 110 мың тонна шитті мақта жинап үлгерді. Оның 44 мың тоннаға жуығы қолмен терілсе, 66 мың тоннадан астамы арнайы техникамен жиналған, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Түсімділік те көңіл көншітеді. Әр гектардан болжамдық шамамен 24,1 центнерден «ақ алтын» алынуда. Бүгінге дейін жалпы мақталық алқаптарының 64 пайызын жинаған мақташылар бірінші терімді аяқтап, екінші терімге көшуде. Ол үшін аудан көлемінде 297 дана түрлі комбайндар мен 10 мыңнан астам адам мақта терім науқанына қатысуда.
«Мақтаның бағасы биыл жаман емес. Келісін 155-160 теңгеден өткізіп жатырмыз. Өнімділігі де жылдағыдан айтарлықтай жоғары. Құдайға шүкір, биыл бір байып қалатын болдық», — дейді шаруа Алдан Сәрсенбаев.
Айта кетейік, биыл мақтаралдық шаруалар мақта алқаптарының көлемін жылдағымен салыстырғанда 6 мың гектарға арттырып, 83 мың гектар жерге мақта шитін екті. Жиын-терім науқанының соңына дейін Мырзашөлде 200 мың тоннадан астам ақ мақта жинау күтілуде.

Меморандумға қосылу туралы келісімге қол қойылды

600_120Оңтүстік Қазақстан облыстық соты, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі аппаратының ассамблеясы хатшылығы, Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті, Оңтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасы, Оңтүстік Қазақстан облысы наториаттық палатасы қоғамның құқықтық тұрғыдан дамуын және ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастығын орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қосылу жөнінде келісім жасады, деп жазады «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.
Облыстық сотта өткен салтанатты жиынды облыстық соттың төрағасы Нұрсерiк Шәрiпов ашып, бекітілген келісім негізінде тараптар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медиацияны қолдану арқылы дауларды шешу кезінде өзара әрекеттесу бойынша бірлескен жүйелі жұмыс атқаратынын атап өтті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов медияция желісін дамыту Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген жаңа функционалдық бағыттарының бірі екенін айтып, бұл тұрғыда өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Меморандумға қосылу туралы келісімге қол қою барысында тараптар аталған бағытта ынтымақтастыққа және тұрақты түрде халық арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге әзiрлiктерiн жеткiздi.

Талдықорған қаласы қысқа дайын

a0cd4c7e4f3fb7f619ef4acec6e4fee1Талдықорған қаласының орталық қазандығы «Басқуат» жылыту маусымына сақадай сай. Тариф есебінен 88 мың тонна отын сатып алынған. Бюджет қаржысынан 77 мың тонна көмір дайындалып, кесте бойынша тасымалдануда. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов бастаған арнайы жұмыс тобының рейді барысында белгілі болды, деп жазады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы Талдықорғанда 113 шақырым жылу жүйелері бар. Биыл бюджет есебінен 8,6 шақырым жылу жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Оның сыртында инвестициялық бағдарлама есебінен «Басқуат» мекемесінің өзінде 5 шақырымға жөндеу жұмыстары жасалды. Талдықорған қаласының Ақылбеков көшесіндегі № 4 қазандық пен жылу жүйелеріне де қайта жаңғырту жұмыстары жасалды.

Алматы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекеновтің айтуынша,  жылу жүйелерінің соңғы жұмыстары қазанның алғашқы онкүндігінде толық аяқталады. Облыс бойынша қысқа қажет көмір көлемі 397 500 тонна. Жалпы жылыту маусымына 6,9 млрд ақша бөлініп, көмір, жанар-жағар май, мазут сатып алынған.

Астаналық каратэшілер Үндістанда сәтті өнер көрсетті

cМумбаи (Үндістан) қаласында каратэ-до шотоканнан XVIII әлем чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 10 мемлекетінен 1500 астам спортшы қатысты. Жарыста 17 атлет Қазақстанның намысын қорғады, соның ішінде көбі астаналық каратэші. Отандық құрама 22 алтын, 1 күміс және 2 қола еншіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Үш күндік жарыс барысында каратэшілер 4 бағдарламада өнер көрсетті, спортшыларымыз бірнеше медальдан алды. Жарыс барлық жас санатында өтті.

— Біз үшін бұл жақсы нәтиже. Енді балалар Астана біріншілігіне, ҚР чемпионатына және қараша айында Индонезияда өтетін Азия чемпионатына дайындалады, — деді Астана қаласының каратэ-до WKF және дәстүрлі жекпе-жек өнері Федерациясының президенті, каратэ-додан аға жаттықтырушы Мейрамгүл Дукуева.

Оның айтуынша, биыл Рио-де-Жанейрода 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысатын жаңа бес спорт түрі бекітілді, оның ішінде каратэ-до да бар.

— Бұған көп уақыт кетті. Осы спорттың барлық бағыттарының ішінде олимпиадалық бағдарламаға каратэ-до енді. Алдымызға үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Жаттығулар санын арттыру үшін каратэ-до мектебін, жаңа спорт залдарын ашу жоспарда бар, — деді Мейрамгүл Дукуева.