10 тамызда Астанада «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіп ашуға грант алуға өтінімдер қабылдау басталды. Ашық конкурс шеңберінде гранттар кәсіпкерлерге, жас кәсіпкелерге, әйелдерге, мүгедектігі бар адамдарға және 50-ден асқандарға ұсынылады. Өтінімдер 9 қыркүйекке дейін Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында қабылданады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған Бағдарлама аясында қызмет ететін кәсіпкерлер қатыса алады.
Кәсіпкердің ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы болып табылады. Кәсіпкер грант қаражатын негізгі құралдар мен материалдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, франшизаға құқықтарды сатып алу, зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындарға жұмсау мақсатында пайдалана алады.
Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және жалға алу үшін төлем ретінде пайдаланылмайды.
Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 миллион теңгеден аса алмайды.
Толық ақпаратпен төменде тіркелген құжаттардан танысуға немесе Бейбітшілік к-сі, 11, 522-каб. мекен жайы бойынша хабарласуға болады, байланыс телефондары: 55-69-95, 55-69-16, 55-69-10, 55-69-21.