Созақ ауданында мешіт имамдары, имандылық жолымен қатар спортты да жандарына серік еткен.
Қазақстан Республиасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, ауыл окруктеріндегі мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Жарысқа Жуантөбе, Қаратау, Шолаққорған ауыл окруктерімен қатар, Таукент кенті мен Жыныс ата елді мекенінен де командалар қатысты.
Мешіт қызметкерлері арасындағы аяқдопта ауыл имамдары мен мешіт қызметкерлері қатысып, ала доптың көрігін қыздырды.
Тартысты өткен жарыста бас жүлдені Таукент кентінің футболшылары алса, екінші орынды Шолаққорғанның орталық мешітінің қызметкерлері, үшінші орынды Шолаққорған -2 командасы иеленді.
Жүлдегер командалармен үздік ойын көрсеткен ойыншыларға арнайы марапаттар тапсырылды.