Домой Жаңалықтар Қоғам Біз білетін брендтер туралы

Біз білетін брендтер туралы

Біз білетін брендтер туралы

Біз білетін брендтер туралыБірдеңе сатып аларда, керек зат пен тауарды таңдағанда біз қандай критерийге сүйенеміз? Кемшілігіміз сол, тауарлар мен брендтердің, оларды шығарып отырған компаниялардың сапа мен нәтиже рейтингіндегі салмағына мән бере бермейміз. Сатушы мақтаған затты ала салатын немқұрайлығымыз тағы бар. Ал оларды танымалдығы ғана емес, жұмыс нәтижесі, инновацияларды қолдануы, еңбек жағдайы, дұрыс басқарылуы, жауапкершілігі, көшбасшылығы, тұтынушысына адалдығы, беделін сақтай білуі деген сияқты көптеген критерийлер бойынша саралайтын рейтингтер баршылық.

«Форбс» журналы жариялаған ең беделді компаниялар бестігіне екі мультиұлттық және үш қазақстандық компания кірген болатын. Мультиұлттық компаниялар – Nestle және Johnson & Johnson. Ал қазақстандықтар – «ФудМастер», «ҚазТрансОйл» және «Эйр Астана». Олар RepTrak™ Pulse рейтингі бойынша үздік компаниялар қатарынан табылды. Бұл рейтингте басқа да қазақстандық компаниялар бар. Мысалы, Халық банкі бұл тізімде 7-орыннан көрінсе, Казком 10-орында, деп жазады korr.kz.

RepTrak™ Pulse индексі бойынша, алғашқы орындағы екі компания ғана «керемет беделге» ие. Үшінші орыннан 1-ші орынға дейінгі компаниялардың да беделі жаман емес. Ал, 18-ден 25-ке дейінгілер – орташа мекемелер. Бұл орайда келесі орындарды иеленген Procter & Gamble, Билайн Қазақстан, Сбербанк, «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Қазцинк», «Ақсай-нан», «Бахус», «Kcell», «Гелиос», «Алмэкс», «ҚазТрансГаз», Tele2, «БанкЦентрКредит», «Қазақмыс», «Верный Капитал», «Алтел» компанияларын атап өтуге болады. Еліміздегі ең танымал компаниялар – осы аталғандар.

Атап өтетін жайт – Қазақстанда жұмыс істеп тұрған мультиұлттық (халықаралық) компаниялардың беделі өзіміздің компаниялардың деңгейінен жоғары. Демек, беделіңді көтергің келсе, ұлттық элементтерді пайдаланудың қажеті жоқ. Өйткені көбінде шетелдік компаниялардың мерейі тасып, «тасы өрге домалап тұр». Мысалы, Procter & Gamble, Билайн, Сбербанк, Гелиос – бәрі де шетелдікі. Ал тізімнің басында тұрған Nestle (Швейцария) және Johnson & Johnson (АҚШ) – екібастан.

Енді танымал брендтерге келсек. Жыл сайын интернеттегі ең танымал брендтердің рейтингі шығарылады. 2015 жылғы ең танымал қазақстандық брендтердің ішінде бірінші орын «Казком» банкіне тиесілі. Ол – Қазақстан ғана емес, Орта Азиядағы ірі банк мекемелерінің бірі. Рейтингтегі екінші орынды «Қазақтелеком» иеленген. Ол өзінің сенімді әрі сапалы мекеме екенін дәлелдеген ірі телекоммуникациялық компания. Үшінші орынға «Sulpak» дүкендер желісі лайық деп танылды. Электроника мен тұрмыстық техника сатумен айналысатын бұл компания Қазақстан ғана емес, шет мемлекеттерге де біршама танымал. Ғаламтордағы ең атақты брендтер тізімін «АТФ-Банк», «Цесна», «Рахат», «Одари», «ҚазМұнайГаз», «NEO», «Ирбис», «БТА-Банк», «Айналайын», «Альянс Банк», «Рахмет», «Heaven», Kaspі Bank, «Дербес», «Арзан», «Рамстор», Халық банкі жалғастырады.

Бір қызығы, бұл рейтингте Фудмастер 36-орыннан көрінген. Компанияның өзі дүркіреп тұрғанымен, өнімдерін халық онша іздемейтін сияқты. Алдыңғы жылдары ол тіпті 41-42 орындардан көрінген еді, былтыр 36-орынға көтерілген сыңайлы. Байқағандарыңыздай, бұл тізімде халық жиі тұтынатын тамақ өнімдері үлкен компанияларды артқа тастап, көш басына шығып кеткен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here