Домой Жаңалықтар Спорт Елордалық боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасында күміс олжалады

Елордалық боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасында күміс олжалады

Елордалық боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасында күміс олжалады

Елордалық боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасында күміс олжаладыЕлордалық боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасында 91 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан қоржынына тағы да бір күміс салды. Төрешілердің пікірінше, қазақстандық спортшы ақтық сында ресейлік Евгений Тищенкоға есе жіберіп алды. Жанкүйерлер төрешілердің шешімімен келіспей, біздің боксшымызға қолдау көрсетті. Қазіргі кезде бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқылану үстінде, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Василийдің өзі қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты: «Достар, қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын, бойыма күш-жігер беріп, хат жазып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет, сіздер ҮЗДІКСІЗДЕР!!»

Бокстан ұлттық құраманың сапында өнер көрсететін Астана қаласының тағы да бір өкілі Данияр Елеусінов 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Құрама капитаны жартылай финалда француз спортшысы Сулейман Сиссокомен күш сынасты. Бірінші раундта Елеусінов сенімді жеңіске жетсе, екінші раундта басымдығын арттыра түсті. Бірақ кездесу барысында орын алған жағдайдың салдарынан жарақат алды. Дәрігер оған кездесуді жалғастыруға тыйым салды. Төрешілердің берген ұпайларының саны бойынша Елеусінов жеңіске жетті.

Финалда боксшымыз Өзбекстанның былғары қолғап шебері Шахрам Гиясовпен жұдырықтасады. Данияр Елеусінов Олимпиада ойындарының алтын жүлдесіне қол жеткізбек ниетте. Кездесу 18 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 01.30 басталады.

Фото — Данияр Майлыбаев

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here