Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот және өзге де уәкілетті органдардың актілерін орындау жүйесін жетілдіру мақсатында, Ішкі істер департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы арасында үш жақты Меморандумдардың жасалуы мен оларға қол қою ұйымдастырылған, деп хабарлайды ОҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі.
Құжаттар аясында ақпаратпен алмасу, бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастыру, мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдар және басқа да төлемдер бойынша борышкерлерді анықтау, ол үшін арнайы техникалық құралдарды пайдалану, борышкерлердің автокөліктеріне тыйым салу және оларды айып тұрағына орналастыру, борышкерлерге берілген жүргізуші куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру бойынша өзара іс-қимыл жасау мәселелері реттелді.
2016 жылдың басынан облыстың сот орындаушыларымен 51 676 атқарушылық құжаттар бойынша мемлекет пайдасына жалпы 814,241 млн. теңге өндірілген.
Меморандумдарда көзделген шарттарды іске асыру нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстың тиімділігінің артылуы күтілуде.