Өңір басшысы Б. Атамқұлов облыстық мәслихаттың депутаттары Р. Оспаналиеваны, Д. Әбіш пен Қ. Молдасейітовті қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Рашкүл Жәлелқызымен кездесуде атқарушы және сайланбалы органдарының гендерлік теңдік мәселелері талқыланды.
Ал, Қайрат Молдасейітовпен облыс әкімі ВИЧ індетін жұқтырған балалар мен олардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу проблемаларын талқылады. Сонымен қатар, кездесуде профилактикалық бағдарламаларды құру жолында жергілікті бизнес-қоғамдастық қорының қолдау көрсету тақырыбы қозғалды.
Аймақ басшысының қабылдауында болған облыстық депутат Дулат Әбіш Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына жасаған сапары жөнінде баяндап, онда су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан жөнелтілген гуманитарлық көмектің барғанын айтты.
Кездесу барысында облыс депутаты сол аймақтың әкімінің алғыс хатын табыстап, сол ауданда тұратын этникалық қазақтар — қандастарымыздың алғысын жеткізді.