Домой Жаңалықтар Қоғам Жақын арада Астана маңындағы елді мекендер қаланың құрамына қосылмайды

Жақын арада Астана маңындағы елді мекендер қаланың құрамына қосылмайды

Жақын арада Астана маңындағы елді мекендер қаланың құрамына қосылмайды

64_bigТаяу арада елордаға жақын орналасқан елді мекендер мен ауылдар қаланың құрамына қосылмайды. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» ресми сауалына Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы 2016 жылы қалаға аумағына елді мекендерді кіргізу қарастырылып отырмағандығын атап өтуде.

Айта кетейік, бүгінде қалаға жақын орналасқан Ақмола облысы құрамындағы Қоянды, Қосшы, Талапкер, Жібек жолы және басқа да елді мекендер бар.

Бүгінде Астана айналысынан жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу мәселесі өзекті екені белгілі. Қазіргі кезде жер телімдерін бөлуге шектеу енгізілген, алайда, инфрақұрылым тартылған аумақтарда жер учаскелері бөлінеді деген де нұсқау бар. Дегенмен, қазіргі кезде дайындық кезеңіндегі жер телімдері жоқ секілді.

«Қазіргі таңда жер бөлу үшін қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген дайын алаңдардың жоқ болуына байланысты, Астана қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру таяуда жүзеге асырылмайды. ҚР Ұлттық экономика министірінің 27.03.2015 жылғы №255 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бөлініске дайын алаңдардың болған жағдайында ғана және азаматтардың қатаң кезектілік тәртібінде жүзеге асаырылатын болады»,-делінген басқарма мәліметінде.

Белгілі болғандай, елордада жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға 110 мыңнан астам адам кезекке қойылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here