Домой Жаңалықтар Қоғам Астананың жаңа теміржол вокзалы отандық жиһазбен жабдықталады

Астананың жаңа теміржол вокзалы отандық жиһазбен жабдықталады

Астананың жаңа теміржол вокзалы отандық жиһазбен жабдықталады

Астананың жаңа теміржол вокзалы отандық жиһазбен жабдықталадыАстананың жаңа теміржол вокзалының жолаушыларға және вокзалдың жеке қызметкерлеріне арналған жерлерде қазақстандық өндірушілердің жиһаздары орналастырылады, деп мәлімдеді ҚТЖ ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

«Нарыққа жүргізген сараптамамызда қазақстандық өндірушілердің бағасы шетелдіктерге қарағанда біршама арзан екендігіне көзіміз жетті», — деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ірі жобалар дирекциясының бас инженері Игорь Гайдук.

Шілде айының басында вокзал құрылысының бас мердігері «Sembol» компаниясы мен Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсіптері қауымдастығы арасында әріптестік туралы келісім жасалып, жұмыс комиссиясы құрылды.

«Астана  жаңа теміржол вокзалы — ұлттық жоба, елордамыздың қақпасы. Біздің кәсіпорындарымыз үшін бұл жобаға қатысу — зор мәртебе!», — деді Жиһаз қауымдастығының ресми өкілі Қанат Ыбраев.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here