Алматы облысында баскетболдан әйелдер командалары арасында өткен чемпионат қорытындыланды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Біріншілікке 12 ауданның құрама командалары қатысты. Іріктеу кезеңіндегі топтық турнирде командалар бірінші орынға таласты. Жарыста Талдықорған, Текелі қалаларының және Ескелді ауданының спортшылары үздік ойын көрсетті. Жүлделі орындар олимпиадалық жүйе бойынша белгіленді.
Облыстың баскетболдан бас жаттықтырушысы Евгений Прокопчиктің айтуынша, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жоғары деңгейде өтті.