Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға байланысты «Кітапханалық туризм» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы «ХХІ ғасыр кітапханасы: жастар стратегиясы» тақырыбымен Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында республикалық Жас кітапханашылар форумының жұмысын бастады.
Жиынның мақсаты — Қазақстан кітапханаларындағы жас мамандарды орнықтыру, кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға ұсыну мақсатында келешегінен үміт күттіретін мамандарды анықтау.
Форумға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар қатысып, кітапхананың бүгіні мен болашағы, кітап оқу мәселесі, электронды ресурстар және басқа да тақырыпта келелі әңгіме қозғады.
Форумға қатысушылар қаладағы М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы және басқа да көрнекті ғимараттармен танысып, жұмысын одан әрі Кербұлақ, Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандарында жалғастыратын болады.