1 қыркүйек – білім күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Акция аясында «Алтын адам» отандық тігін фабрикасы Арыс қаласында орналасқан Т. Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы «Бәйтерек» жанұясының тәрбиеленушілеріне мектеп формасын тегін тарту етті. Отандық брендтің сапалы киімін киген балалар демеушілерге ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы аталмыш балалар үйінде қайырымдылық шараларын тұрақты ұйымдастарып келеді. Жуырда облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары бүлдіршіндерге арнап, дастархан жайса, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері балаларды «Фиркан сити» сауда-ойын-сауық орталығына алып келіп, көңілді күн сыйлады.