Домой Жаңалықтар Қоғам Мұғалімдер тамыз кеңесінде бас қосты

Мұғалімдер тамыз кеңесінде бас қосты

Мұғалімдер тамыз кеңесінде бас қосты

Биылғы жылы Алматы облысында 9 мектеп пайдалануға беріліп, тағы 37 мектептің құрылыс жұмыстары келесі жылы толығымен аяқталады. Сөйтіп апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен «Білімді ел – мәңгілік ел» атты мұғалімдердің тамыз конференциясында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов айтты.

Дәстүрлі форумға облыстың аудан, қалаларындағы білім мекемелерінің өкілдері қатысты.

Мұғалімдер тамыз кеңесінде бас қосты

Конференцияның алдында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерін, инновациялық идеяларды және білім саласын одан әрі дамыту жоспарлары туралы мәліметтер көрсетілген көрмемен танысты.

Пленарлық отырыстың салтанатты ашылуында баяндама жасаған облыстық білім басқармасының басшысы Л. Базарқұлова мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім сапасын көтеру, жазғы демалыс және сауықтыру шаралары, педкурстардан өту қорытындылары, сол сияқты үйірмелік жұмыстар жайлы кеңінен баяндады. Жуырда ашылған Оқушылар сарайындағы түрлі үйірмелер балалардың жан-жақты дамуына мол мүмкіндік қарастырылып отырғанын да айтты. Сонымен қатар білім басқармасында баспасөз орталығы ашылатынын тілге тиек етіп, бұл орталық арқылы білім саласындағы жаңалықтар, өзекті мәселелер талқыланатынын жеткізді.

5a0a19d0d22c42ec5a9ee2687fb1712e

Конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитеттің төрағасы Ахметжан Пірімқұлов жаңартылған білім мазмұнына сәйкес енгізілетін жаңа реформалар туралы, атап айтқанда, үш тілде білім беру, 5 күндік оқу аптасына кезең-кезеңімен көшу, мектеп формасы және басқа да жаңалықтар туралы кеңінен баяндады.

 Форум соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов сөз алып, өңірде 9 мектеп пайдалануға берілетінін, тағы 37 мектептің құрылыс жұмыстары келесі жылы толығымен аяқталатынын, бұл апатты және үш ауысымды мектептер мәселесінің толық шешілуіне мүмкіндік беретінін айтты. Сол сияқты балабақшалар құрылысы қарқынды жүруде. Бүгінгі күні мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін тиімді қолдану нәтижесінде облыста балаларды мектепке дейінгі қамту деңгейі 79 %-ке жетті.

— Мемлекет басшысы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында және «100 нақты қадам»  жоспарында тиісті міндеттер жүктеді.

Ұлттық жоспарда елімізге іскерлік танытып, жаңа бастамалар көтеретін білікті маманның аса қажет екені баса айтылды. Мақсат біреу – ол оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Педагогикалық ұжымның, ұстаздардың жауапкершілігін барынша арттыру. Бұл – бәрімізге маңызы жоғары, талабы биік, ортақ міндет. Сондықтан, облыс ұстаздары алдағы уақытта білімді ұрпақ, тәрбиелі шәкірт, саналы азамат тәрбиелеп шығаруға бар күш-жігерін жұмсайды деп сенемін, — деді Л. Тұрлашов өз сөзінде.

Мұнан соң басқосу облыс педагогтарын марапаттау салтанатымен жалғасты. 17 мұғалімге «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин төсбелгісі» берілді. Сонымен қатар педагогтарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Жалпы, мектепке дейінгі біліммен қамту саласында «Күншуақ» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі Перзат Қадырова мектепке дейінгі тәрбие барысында инновациялық технологияны тиімді қолданғаны үшін «Жаңашыл жетекші» төсбелгісімен, дипломмен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here