Домой Жаңалықтар Қоғам Астана әкімдігінде қалалық құқық қорғау органдарымен үйлестіру кеңесі өтті

Астана әкімдігінде қалалық құқық қорғау органдарымен үйлестіру кеңесі өтті

Астана әкімдігінде қалалық құқық қорғау органдарымен үйлестіру кеңесі өтті

Астана әкімдігінде қалалық құқық қорғау органдарымен үйлестіру кеңесі өттіБүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Отырыс барысында жергілікті полиция қызметіне Есіл өзенінің жағасында сағат 23.00-ден кейін ата-аналарының қарауынсыз жүрген балалардың ұсталуына қатысты ескерту жасалды. Елорда әкімі бұл жағдайдың мән-жайын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Бұл жағдайда кәсіпқойлық – орындашылық қана емес, бұл сыпайылық та, байланыс орната білу қабілеті де. Әсіресе, балаларға қатысты болғанда» — деді әкім. Қала басшысы кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын қылмыстар санының артуын ескере келе, құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері балалар 104 қылмыс жасаған. Кәмелетке толмаған 129 бала қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Балалардың өздеріне қатысты 97 қылмыс жасалған. Негізінен, тонау, бопсалау, ұрлық, бұзақылық, қарақшылық, есірткі заттарын тарату және қолдану жағдайлары кездеседі.

Аталған кезеңде Астана қаласының білім басқармасы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 467 адам жіберілген. Соның ішінде, 429-ы қараусыз және қорғансыз қалған бала; 36-сы ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың қамқорлығынсыз қалған бала. Қазіргі кезде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналарын іздеу жұмыстары қолға алынды.

«Иә, балалармен де профилактикалық жұмыстар жүргізу керек. Оны акциялар өткізу, учаскелік полицейлердің үйлердің тұрғындарымен кездесулері, мектептердегі кездесулер, БАҚ және арнайы роликтер арқылы түсіндіру керек. Бұл сіздердің жұмыстарыңыздың бір бөлігі ғана екенін білемін, басқа бағыттар бойынша да көп іс атқарылып жатыр. Осының барлығын қоғамға түсіндіріп, жеткізу керек» — деді Ә. Исекешев.

Астана әкімі құқық қорғау органдарының назарын қала тұрғындарын алаңдатып отырған кейбір мәселелерге аударды. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылыққа «нөлдік төзімділік», тұрғын үйлердің аумақтарында көлік қою ережелерін бұзу, сондай-ақ, ЖКО алдын алу мәселелері қаралды.

Жыл басынан бері Астана жолдарында 385 ЖКО, соның ішінде, 58-і балалардың қатысуымен орын алған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 147 455 адам, соның ішінде 14 171 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кеңес соңында Әсет Исекешев құқық қорғау органдарының қауіпсіз және таза қаланы қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Елорда басшысы полицейлерге тәртіп сақшыларына барлық бағыттар, соның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді және қала тұрғындарына жағдай жасау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here