Таяуда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституция күніне және Арыс қаласының 60 жылдық мерейтойларына орай Стадион тұрғын ауданында жургілікті тұрғындар үшін көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі С. Ертай, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты түрде ашылған көпірдің лентасын қала әкімі С.Ертай және Арыс қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Б.Исламбеков қиып ашты.
Айта кетейік, көпір құрылысын бас мердігер «СК»ДАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Көпірдің жалпы ұзындығы 63 метр, ал ені 4 метр. Салтанатты ашылу рәсімі үшін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.