4-6 тамыз аралығында Алматы облысы, Талғар ауданының «Ақбұлақ» ССК-нің ат спорты кешенінде шөгеннен Қазақстан Республикасының тұңғыш чемпионаты өткізілді.
Чемпионатқа Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан обыстық шөген федерацияларының, сондай-ақ «Әулиеата» және «Astana Polo Club» клубтарының командалары қатысты.
Чемпионат төрешілігін Аргентинадан арнайы шақырылған поло ойынының кәсіби шебері, бас төреші — Агустин Палациус басқаратын төрешілер алқасы жүзеге асырды.
Біріншіліктің бас жүлдесі, 1 орын — «Әулиеата» шөген клубына бұйырды, 2 орында — «Astana Polo Club» шөген клубы, үштікті Алматы облысы шөген федерациясы аяқтайды.
Сонымен қатар, шөгеннен Қазақстан Республикасы тұңғыш чемпионатының ең үздік ойыншысы — Astana Polo Club командасының ойыншысы Құрманбек Тұрғанбек және ең үздік поло пони — Көксарай болып танылды.