Талдықорғанда «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесі өтті. Салтанатты марапаттау рәсіміне облыс кәсіпкерлері, жергілікті ақарушы және мемлекеттік органдар, қаржы институттары өкілдері, қоғамдық ұйымдар және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Алматы облысы Кәсіперлер палатасы екінші рет конкурстың ұйымдастырушысы болып отыр. Сыйақы 2006 жыылы бекітілген болатын, міне енді бүгін 10 жылдығы тойлануда.
Өткен жылы республикалық конкурсқа Алматы облысы 9 компания ұсынған болатын. Олардың ішінде «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша бірінші құрметті орынды «Рыбпром» ЖШС (Капшағай қ.) жеңіп алған еді.
Ал биылғы жылы 49 жергілікті компания қатысуда.
«Өндіріске арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша бірінші орынды «Алматы бояулары» ЖШС компаниясы еншіледі.
«Алматы бояулары» ЖШС Қазақстан нарығында жұмыс істей отырып, елдегі ірі жол-таңбалаушы материалдарды жеткізушіге айналды. Ресей нарығына шықты, ал қазір жаңа жоғары технологиялық зауытты салуда және де сыр-бояу бұйымдарын шығаруда.
Екінші орынды -Жаркент крахмал-сірне зауыты, үшінші орынды пластикалық және алюминий бұйымдар шығаратын «Галакси» ЖШС алды.
Екінші «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында бірінші құрметті орын «Алатау Құс» компаниясына бұйырды. Кәсіпорында 850 адам жұмыс істейді. Күн сайын 50 мың келі құс еті дайындалады.
Екінші орын — «Алғашқы сыра зауытына». Үшінші орын — «Молдасанова» ЖК және «Этно-ресторан «Аскар-Тау этно-мейрамханаға» бұйырды.
«Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымында «Тексан Казахстан Инвест» компаниясы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Dolce» ЖШС, үшінші орынды «Алматы матрас фабрикасы» алды.