Домой Қоғам Алматы Ақшиде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Ақшиде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Ақшиде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Ақшиде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылдыЖақында Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Ақши елді-мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылған болатын. Алайда, демалыс маусымында өңірге келуші туристер қатарының еселеп артуына байланысты ауылдық амбулаториялық пункттің ғимараты қаралушыларға тарлық етіп жататын. Сондай-ақ «Жедел жәрдем» қызметі қажет болған жағдайда 30 шақырымда орналасқан көрші Көктұма ауылына жүгінуге мәжбүр болатын.

Осы жайттарды ескере келе облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен осы ауылда жаңа заманауи амбулатория салу туралы шешім қабылданған еді. Міне енді бүгінгі ғимарат іші кең етіп салынған амбулаторияның ашылуына байланысты жергілікті тұрғындар мен осында саяхаттап келген демалушылар арасында ем-дом қабылдау қажеттігімен амбулаторияға жүгінген азаматтар ұзын сонар кезекте тұрмайтын болды.

Нысанның салтанатты ашылуында Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар Ырғайты ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Әнуарбек Әзімханов та көпшілікке өзінің жүрек жарды ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді.

Осыдан кейін облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Марат Нүсіпбаев дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Айгүл Тұрсағатоваға ғимараттың кілтін табыстап, нысанды ресми түрде пайдалануға берді.

Ескерте кететін болсақ, жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория бұл – соңғы үлгідегі заманауи медициналық қондырғылар мен құрылғылар орнатылған көпсалалы кабинеттер. Мұнда науқастар мен медициналық көмекке жүгінген азаматтарға сапалы амбулаториялық көмек көрсету үшін барлық қажеттіліктер қарастырылған.

Ауылдық амбулатория құрылысына  жергілікті бюджеттен 163,9 млн. теңге бөлінді. Жұмыстарды «ЭЛМ» ЖШС жүргізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here