Домой Қоғам Астана Омбыда Астана туралы көрме өтіп жатыр

Омбыда Астана туралы көрме өтіп жатыр

Омбыда Астана туралы көрме өтіп жатыр

Омбыда Астана туралы көрме өтіп жатырОмбы облысының тарихи мұрағатында «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ашылды. Экспозиция Астана қаласының мемлекеттік мұрағатымен ұйымдастырылды және ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулы Эльдар Қонаев, Омбы облысының мәдениет вице-министрі Людмила Чекалина және Астана қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры Балқия Баймағанбетова сөз сөйледі.

Салтанатты шара барысында дәстүр бойынша «шашу» шашылды. Омбы Достар үйінің ұлттық музыкалық ұжымдары мен өңірдегі қазақ диаспорасы қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Астана – Еуразия жүрегі» экспозициясы – мемлекетаралық мәдени-тарихи жоба, оған қазақстандық мұрағатшылар ерекше ықыласпен дайындалды. Шараның мақсаты Омбы тұрғындары мен қонақтарын Астананың тарихымен таныстыру және Қазақстан мен Ресейдің мәдени мекемелерінің арасындағы байланысты нығайту болып табылады.

Көрмеге 100 астам экспонат қойылған. Экспозицияның әрбір бөлімінде қаланың Акмолинск деп аталған 1832 жылдан бастап елорданың қалыптасуының барлық кезеңдері көрініс тапқан. Мұнда жәрмеңкелер, ауруханалар, мектептер, банктер және басқа да тіршілікті қамтамасыз ету үшін маңызды мекемелердің ашылуына қатысты материалдар, сондай-ақ, Акмолинск қаласының фотосуреттері ұсынылған. Тың игеру кезеңіндегі қаланың тыныс-тіршілігі туралы әңгімелейтін экспонаттар да бар. Тіпті, тың игеруге жіберу туралы жазылған өтініш, Акмолинск қаласына келген алғашқы тың игерушілердің ақ-қара фотосуреттері де қойылған. Бұдан бөлек, ҚазКСР Жоғары Кеңесі президиумының тың игеру өлкесі Акмолинск қаласын Целиноград қаласы деп атау туралы жарлығы, КСРО Министрлер Кеңесінің «Целиноград қаласын дамыту туралы» қаулысы, 60-шы жылдары қаланы салу барысының суреттері де көпшілік назарына ұсынылған.

Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы бөлек экспозиция жасалған. Көрмеге келушілер қаланы қайта атау туралы жарлықпен, елорданы салу барысы туралы материалдармен, қаланың төлқұжатымен, бас жоспарымен, Астананың суреттерімен және т.б. таныса алады.

Қазақ халқының қолданбалы өнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары көрмеге ерекше көрік береді: әйелдің ұлттық киімі, авторлық зергерлік бұйымдар, панно, музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз. Сонымен қатар, қонақтар отандық нумизматтардың коллекциясынан алғашқы қазақстандық банкноталарды, мерейтойлық монеталарды, қазақстандық филателисттердің пошталық маркаларын көре алады.

Қазақстандық мұрағатшылар Омбы облысының мәдениет министрлігінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Өз кезегінде, астаналық әріптестер ресейлік тарапқа елордалық Мәдениет және мұрағаттар басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті.

«Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі 26 тамыз – 26 қыркүйек аралығында өтеді. Омбы облысының тарихи мұрағат қызметкерлерінің айтуынша, көрмеге келушілер саны күн сайын артып келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here