Домой Қоғам Астана Астанада Нұржол желегінде 900 артық ақылы тұрақ орны жасалады

Астанада Нұржол желегінде 900 артық ақылы тұрақ орны жасалады

Астанада Нұржол желегінде 900 артық ақылы тұрақ орны жасалады

Астанада Нұржол желегінде 900 артық ақылы тұрақ орны жасаладыЕлорда әкімдігі көлік жүйесінің сапасын жақсартуға бағыталған «Астана қаласының тұрақ кеңістігін басқару» жобасын қолға алды. Озық технологиялар алдымен Нұржол желегінде пайдаланылады. Әңгіме аумақты шлагбауммен жабу туралы емес. Бұл — Қазақстанда енгізіліп жатқан мүлдем жаңа технология.

Сынақ жұмыстары барысында Нұржол желегінде 910 тұрақ орны жасалады. Әрбір тұрақ орны арнайы жол белгісімен және тетіктермен жабдықталады. Аумаққа кірген кезде жүргізушілер электронды таблодан бос тұрақ орындары туралы мәліметті көреді. Көліктік бақылау қызметінің өкілдері көлік қою ережесін бұзу жағдайларын автоматтандырылған фото және бейне құралдардың көмегімен тіркейді.

Жүйе сынақтан өткізілгеннен кейін және халықты «Тұрақ кеңістігін басқару» жобасының іске қосылғандығы туралы ресми түрде хабардар етілген соң тұрақ кеңістігін пайдаланғаны үшін ақы алынатын болады.

Жоба бойынша ақы төлеудің бірнеше жолы қарастырылған, ол кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Атап айтқанда, қолма-қол ақшамен және арнайы паркоматтар арқылы есеп айырысу, арнайы мобильдік қосымшаның көмегімен SMS-пен және сайттағы жеке кабинет арқылы төлеу.

Келер жылы сынақ жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда Астана қаласының әкімдігі басқарылатын 9 000 жуық тұрақ орнын жасамақ. Басқарылатын тұрақ орындары 25 көшені, елорданың сол жағалауында Тұран – Сарайшық – Орынбор – Сығанақ «квадратын», оң жағалауда — Сарыарқа — Бөгенбай батыр, Республика – Есіл жағалауын қамтиды.

Анықтама: 2015 жылы Price Waterhouse Coopers халықаралық ұйымы Астананың Нұржол желегіндегі көлік айналымын зерттеді. Мониторинг нәтижесінде, жүргізушілердің 80% өз көліктерін жұмыс орындарының жанында орта есеппен 8-9 сағатқа қалдыратыны анықталды. Сондай-ақ, 13-14 сағат бойы машиналар тұрғын үй кешендерінің алдында тұрады және жүргізушілердің 15-20% ғана темір тұлпарларын жабық паркингтерге қоятыны белгілі болды. Яғни, елордалықтардың басым бөлігі күні бойы тұрақта тұрады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here